Ақыр заман халқының
Шайдан басқа асы жоқ.
Жақынынан басқа қасы жоқ,
Лағынет қамыты мойнында,
Қолдарының босы жоқ.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Жаратқан махаббатпен адамзатты,
Сүйсін деп ол Алланы жанан тәтті.
Жартысын бар нәрсенің сыйға беріп,
Жалған, деп жалқы сөзді және атапты.
Естімеген елде көп,
Есек мінген сартар көп.
Текті мен тексіз сипатты
Өлшемін мұның кім тапты?
Бақытқа бiздi апарар,
Тiледiм Алла шапағат.
Құлдарың болсын бауырмал,
Бергейсiң елге қанағат.
Япырмау есітідің мұндай сөзді?
Дүмшесің, деп айыптап теріп сөзді
Білімді атап өзін, маған сауал берді
Ажыртып Дінмен, Құдайды алшы, деді.
Ақындарға бүгінгі таң қаламын,
Махаббат болған, сөздерінің арқау әні
Дегенмен өзін мақтап мен сондаймын,
Өлеңдердің осындай бар ма мәні?
Құран аяттары болсын, сөз атаклары болсын, жалпы жаратылыс нәрселерінің бәрін жұбымен, парымен жаратым, деген Алланың берік бұлжымас үкімі бар. Осы үкімнің өзі тура жол және дін ұғымының өзінде де жұбы болып, тіптен қағбаның да жер бетінде жұбы да пары да бар екенін ескертіп тұрғаны хақ. Сол сияқты махаббат деген ұғымның да жұбы болу керек.
Пайғамбарымыз; «Алла тағала адамзатқа махаббаттың 100-сипатын жартып, оның бір сипатын ғана әшкере көрсетіп қойған» ден ескерткен екен. Ал Абай атамыз; «Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңір үшін…Махаббат- өмір көркі рас, Өлген соң, ол да үндемес. Махаббатсыз дүние дос-Хайуанға оны қосыңдар…Жүрегі жұмсақ білген құл Шын дос тапай тыншымас. ..»
Пайғамбарымыздан: «Барлығың бақташысыңдар, сондай-ақ барлығың баққандарыңнан (қоластыңғыларыңнан) жауапкерсіңдер, бастық бақташы ғой, сондықтан қол астыңғылардан жауапкер еркек үй бағушысы және және ол баққандарынан жауапкер. Әйел ерінің үй ішінің күзетшісі, қожайынның «малының күзетшісі. Сондықтан ол өз қол астындағылардан жауапкер.» (22-өсиет)
Қырқүйектің соңғы 10-күндігінде от апатымен ескертіледі. Яғни Ыбрайым жолын меңгере алмадыңдар, құдай уахина, көрсеткен белгісіне, аруақтан келген аяндарға қарсылық білдіріп, гүлмен шоқынған т,б дінсіздіктерге берілетін ескерту болмақ.
Қараша айының айының 3-күндігінде жол апатымен, көптеген адамдардың өлімімен ескерту беріледі. Бұл дәстүрге қайшылықтан, ұлтық салт-дәстүрге қарсылыққа ескерту болмақ
Және қазан айының 3-мен 13 арасында бүкіл әлемге ескерту апатар белгісі, құдайдың қамшысы түседі. Қандай мемлектте бұл күндері сынақ болса, сол белгіге байланысты жыл бойында үлкен апаты жағдайдың құдайдың қандай нәрсені түзеңдер деген белгісін білуге болады. Сонымен бірге бұл белгілер бір күн жылы, бір күн суық болып, құрбан айының соңына дейін жалғасын табады.