Қазақтың талай ғасырлар бойы әлемдегі барлық діндердің негізгін, құлшылық амалдарын, ғылымын бір исламмен жүйлеп, намаз орындау амалдарын сопылық тақуалықтың сипатымен, ата жолы дәстүрімен өмір салтына айналдыра білгені хақ. Бұл Құдайдың берген нығметін әр заманда белгілі бір елшілік ісін жалғастырушы әулиелерін арамыздан шығарып дін, діл жібін иіріп беріп, біздерге оны жалғастыру ғана аманат болғаны хақ.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Жалғана, ақ пен қараға
Жалғасы қара көзді қаралана.
Жарықты жарық, түнекті түнек еткен
Жаратқан бір Алла тағалаға.
Қайсарлық қорқақтықтан тәуір екен,
Тайсалмас табандылық күміс екен.
Ақылға көнгіш мінез, жайдарылық
Алтынға татырлық қазына екен.
Жиырма бес жылдай масһаб діншілерінің қазақтың ата жолы дәстүрімен қалыптасқан жан ғылымын жоғалтуға күресіп, арап елдеріне орта топтық дін ісімен ғана исламды меңгеруге тұрған едік. Кейінен періліктің басқаруына көшкен жүйесіне жалғанудың жемісін бергенімен, қазіргі таңда аз ғана топтармен бұл қақпаннан (шеңбер) шығып жатқандар көбейіп келеді. Ата жолында Ақ ұлмен байланысты түскен Алла тағаланың мұғжизасымен Мұхаммед пайғамбарымыздың тылсымнан аруақтық жүйеден ақ батасын оқылуы, жүрек құлағының мөрін ашу арқылы басталғаны хақ.
Қасиетің болмас- қасірет
Тазалықпен бағып, жан күзет.
Арамдықпен алысып,
Адамдықты басым ет.
Жасама қиянат адамға,
Есеппен жүріп қашанда.
Келтіру үшін бас пайда
Төмендеп кетпе арамға.
Жазылып көкте тағдырың,
Ақиретпен саудаң, шат күнің.
Таразыға түсіп ниетің
Тартылар болар тар күнің.
Қарсының бұзып қамалын,
Қайратпен тап амалын.
Қара түске енгізбей,
Адамдықпен жалға, ағарсын.
Адалдық пен арлылық
Қайнар көзі өмірдің.
Талап пенен ұждандық,
Бастауы тегі еліңнің.