Мамыр; Жылы кезең басталады. Бірақ арасында суық өзін еске салып тұрады. Табиғи құбылыстар басталады. Су апаты астан-кестен келер. Тосын уақиғаға толы жер асты дүмпуі де ықтимал болмақ.  Қызғалдақ жер бетінде әсемдігімен көрініс береді. Мамыржай кезең маң–маң басар. Екінің бірі есепке ілінеді. Жөнсіз елірмелік көбейеді. Тұтқиылдан қауіп алатындар көбейеді. Ара-жігі ажырайтындар көбейеді. Айқас кезеңі басталады. Шашты жауып, етек-жеңді ұзартпаудың салдарынан қысқа етектілерге кесірлік, жесірлік келеді. Бақтан тайдырар шумақ өлең жырлары туындайды. Мамырға ескіліктің кілті түседі. Бауырға ем түседі. Есіктер ашылып, тесіктер бітеледі. Шалқып тасып жүргендерге тиым салына бастайды.  Қарғыс шешіліп, шағымдар азаяды. Үкіметтен көзқарастары өзгере қарайтын пенделердің жүрегінен әруақ оқ атып жүрекке жылу кірер. Сынақтан өтпеген ел билеушілер сабалақ жүндей үркіп жүрекке үрей кірері. Басар жер таулары тарылып, бір-бірін улауға шығар. Құрметті қасіретке айналдырар. Айша ана туы биіктер. Туға қарамай мән де бермей өзара тартыс басталар. Кешегі бір-біріне сый беріп сыйласқан сығыр көздер бірін-бірі түтеп жер. Ел аузындағылар арпалысқа түсер. Шырылдаған жан-ұя кешегі сайраннан тыйылып  қыспақ жаулар. Түмен баба құдірет көрсетер. Қырғи болып түлкінің көзін шұқыр. Қас батырлар қолға алар жайттар өтер. Оттың басы қоңыр болады. Сүйектерге алтын түседі. Мамырда зияраттап топ-топ пенделер келер. Хабарда отырар пенделер де бас қосып іс оңға басар. Тағдыр тауқыметін көргендер оңалар. Жақсылықтың жарығына ұмтылар пенделер көбейер. Қасиеті мықтылар дәріс алар. Ашық ақиқат бастау дәрісімен ақпараттар көбейер. Мен-мен басқан, көлбең басқан көк етектілер де жетер, абай сал шайпау сөздермен. Қуанышты хабар жетер күндер көбейер.

  «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын…»(Н.Н) Ел басымыздың елдің шаруашылығын қалыптастыруда өзінің жасаған жобаларын қайта бұзып салуда және қандайда бір қысылтаяң кезеңдерден топтасып қарсы болған әрекеттерден де ортасын тауып шыға білгенін де сөзсіз мойындау да керек.

Саясатта бұл тапқырлық болып, білімде қисынды болса ал рухани тұрғыда бағалағанда екі жүзділік саясат болып, оның ықпалы рухани өрістеуімізді сонша жылға шегеріп тастағаны да хақ. Мұны енді қазіргі болашаққа біліммен бағдар жасап жүрген ұлттың көшбасшылары аңғарудан қалғанымен, болашақ ұрпақтардың сынап айыптаулары да хақиқат. Сонымен ел басымыздың қандайда бір жобасы біліммен қарағанда өте қисынды, мұнан артық енді халыққа не керек деп түсінуге болады. Тарихыңды түзе, дәстүріңді меңгер, ұлттық құндылығыңды сақта, өзге елдерден білімнен қалыспа, барлық білімнің жетістігін меңгер, сол үшінде ұлттық сана кодын яғни ділдің білімін менің нұсқағанымдай бағыт-бағдармен біліммен қисынды жоспарлаңдар дейді.

     Пайғамбарымыз; «Адам баласы ертең не болатынын білмейді..» деген өсиетіне сүйенген діншілер болашақты болжау Аллаға серік қосу дейді. Бірақ бұл заманда іштегі баланың да жынысын, ауа райының алдағы күндері бір ай ішіндегі болатын өзгерісін т.б. жағдайларды да түрлі құрылғылар шығарып, анықтай алатын дәрежеге жеткен жалған емес және мұны енді Алла тағаланың ғылымынан емес деген де надандық болмақ.

Қазіргі таңдағы 2018 жыл қияметтік сағаттың 7-жылы болып, ең шешуші жылға аяқ басқан болмақ. Осы жылға дейін қаралық күштердің үстемдігі болып, біздер арқылы әулие-әмбилердің көрсетіп, оқылуымен берілген, түсірілген Құдайдың (Раббымыздың) барлық белгілерін ел билеуші, дінші, білімді қауымдықтар мазаққа алып келгені жасырын емес.