Жылқы малы; Қан тазарады, тектілік жалғанады. Жылқы малына «сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген амал жүрмейді. Ештеме жұқпайтын мал жылқы.Сондықтан сүйекті бекітумен, сүйекті сындырудан сақтайды.
Байтасов Т.К. жеке блогы
«Тіл дұрыс болмаса жүрек түзелмейді. Ал жүрек дұрыс болмаса-иман дұрыс болмайды.» (хадистен)
«Жеберейіл періште Мұхаммед пайғамбарымызбен сұқбаттасып отырған еді. Бір кезде көктен бір періште түсті. Жәбірейіл бұл періштенің дүниеге алғашқы түскенін айты. Періште; Әй Мұхаммед! Мені саған Раббың жіберді. Ол сенен; «Патша пайғамбар болғанды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болғанды ма?,-деп сұрап жатыр,-деді.
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Ібілістің әрекеті қалайда Алланың жібін үзу. Адамзаттың тарихына, мирасқа алған құндылықтарына, адамдық туысқандық, нәсілдік белгілеріне деген сүйіспеншілік, махаббатын жою. Оның орнына бір-біріне деген өшпенділік, кекшілдік, қатыгездікті арттырып оны заңмен қорғап, ел билеудің саясатына айналдыру болмақ. Ал оны қолдап, орындайтын сол қоғамның ішінен шыққан ақылдары белгілі бір жындылық біліммен, іліммен негізделгендер талантты ел билеуші, атқарушылыққа тұрған білімді қоғамның өкілдері болмақ.
Ғылымсыз пендені сөзінің ой үнінен, дыбысынан яғни жүрек, ақыл, қайратын шамалауға болады. Үнде шындық болмаса, сөзде жан болмайды. Жансыз сөз ақылға айналмайды. Шындық ұят, қазақтың әр сөзінде қызыл қуат ұяттың үні жасырылған. Шындық жер анамен таңба арқылы жалғанып, қуаты жүректің соғысын қалыптастырады. Сөздің үнінен ұят жоғалса, жүректен жылу, сүйспеншілік, махаббат азайып жоғалады. Қан қарайып жынды әсершіл, шайтандық азғындыққа құштар болады.
Қырық үйден сезім алмақ,
Жан өсіріп ақыл таппақ.
Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шықпақ?
Жақсының ұрпағы көп болған кісі,
Атаның ұлы болып ұқсас түсі.
«Қожамыз» деп аталары текті болған,
Құдайдың құлы болған, мықты діні.
Тарқамай жастық базары,
Дүниенің қызық сайраны.
Сөз қадірін кім ұғар.
Тазармай көңіл назары.
Тегіміз бір ұлтымыз болған қазақ,
Тектен иман көп жұртта болған шатақ.
Өзін-өзі көтерген, жерге тәңірсініп,
Адамдықтың өлшемі шен мен атақ.