Байтасов Т.К. жеке блогы

Мұны оқып ұландар,

Үмбетей жырын тыңдаңдар!
Байқап оқып әрбірін,
Ақылға салып бар сырын,
Не деп отыр, көр түрін.
Абылайдың алдында,
Салып отыр, көрдің бе,
Басына көшкен тағдырын,
Сыртын ұқпа мұны аңғар!

АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҮКІМІ ДЕ БАСТАЛДЫ

      Қазір су жайылып Алғабас ауылын алып жатыр. Біздің үйдің жоғарғы жағындағы үйлерді су басып жатыр. Ар жағы лай дейді. Бәрі қашып кетті. Бұл апат негізінде тамыз айында болуы керек еді. Және бір ай бұрын бұл апаттың жәйін басқа апаттарды да көрсеткен еді. Оны бәрібір ел билігі қабыл алмайды, сондықтан мен оны жариялаған да жоқ едім. Мұндай апаттардың негізгі желтоқсан айына дейінгі белгілерін аруақтардың ескертуімен мен сайтта жариялағанмын да. Ал енді әлі бұндай апаттар жалғасады да. Нұрсұлтан мырзаға аруақтардың айтатын аманаты бар. Егер ел билігі құдайға иіліп аруақтың аманаттарын орындайтын болса, көптеген алдағы апаттардың бетін қайтаруға болады да. Астана қаласына үлкен от апаттарымен қауіп төніп тұр. Ата жолын, қазақ дәстүрін, аруағын мазақ қылғандар, құдайдың ісінен бас тартқандар мұндай апаттарға себепші болғанын да білсін! Оларға біртұтұтас адамдар мен құдайдың лағнеті түсіп, от бастарынан жандарын құрбандыққа да бере бастайды. Дұрысы ештен кеш жақсы тәубаға келген!

Әлемдегі болып жатқан қандайда бір бүліктердің, апаттарды, азаптардың, індеттер мен табиғи райының адамзатқа қолайсыз үлкен шығынға ұшыратып жатқанының бір ғана себебі бар. Ол біздің өзіміздің жаратылысымызды тегімізді танымай және құдайдың түсірген, түсіріп жатқан белгі ақпараттарына жалғанудан бас тартып, керісінше қарсылық білімді, қуаттарды меңгерумен, өндірумен (шерік қосылу) әлемдік қуаттар жүйесіне өз рухани махаббат атты өнімімізді қоспақ түгіл, өзімізден туылған ұрпақтарымызға адамдық тұрғысындағы қуат өндіріп бере алмай жатырмыз.

     Қандайда бір өмірдің, заманның, елдің рухани жағдайына баға беру үшін сөз ұғымдарының ішкі сырын айыра білу керек. Парасаттылықтың негізі де дініміздің жемісі де, сөз ұғымдарын меңгеру мен ақылдың, даналықтың өркениетімен бағаланады. Ақылдың түрлі себебін ата жолы жазбаларында бабаларымыздың мирас аманаттарын, жан ғылымын түсіндіріп жазып шықтық, әлі де құпия бізге беймәлім болып келген  даналарымыздың еңбектері жазыла береді де. Сондықтан да; «Жүрегі таза болса адамның, періштеден айырмасы болмайды», «Ұғымы жоқтың – жұғымы жоқ»,  «Пәлегі таза қауынның түйнегі жақсы болар, жүрегі таза адамның түйгені жақсы болар», «Азамат ердің ішіне ат басындай шер өсер». Олай болса үлкендік жасқа келген, қырықтан асып, 4 ақылын түгел меңгеріп, екі естіліктен бір естілік дәрежеге жеткен «Азамат ер — Кісі» болып аталды. Сонымен бірге оның жүрегінде «Шер-Кристалл» ақпараттық кітабы да болады деп түсініңіз. Неге «Шер» десеңіз мұндай кісілігі бар азаматтың да халықтың болашағын болжап, ақиреттің жағдайын қамдап, уайымы да дүниеліктен тірліктен әлде қайда жоғары тұрады да. Бірақ әр заманның қозғалысы, ақпараттық дамуы мен қуаты, білімде ерекшелік болып, әр заманның кісілігін қалыптастыратын; Құдай ісі «жол жоба» рұқтық кітабын меңгерумен байланысты деп түсінген абзалды.

     Қазақ еліне қияметтің ашық белгілерінің түрлі жағдайда хикметті көрініс болып түсуінің екі жарым жылға созылып, бірақ оған білімді қауымның қарсы тұрудың себебінен, халықтың Раббымыздың ескерту белгілеріне сеніп, иман келтіріп, құдайдың азабынан қорқып, рухани ұйқыдан оянуына кедергі болғаны хақ. Сонымен қияметтік белгілерге, құдайдың патшалық үкімдеріне ел билік пен зиялы, дінші қауым өкілдері ашық қарсылық жасап, ақырында мамыр айының аяғында ақырзаман үкімінің түскені де хақ.