«Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? Босқа әуре қылмай, шыныңды айт. Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің, Сырласарлық, бермен қайт. Абиыр, атақ сол жанда-Кімді көп жұрт мақтаса. Ол мақтаудан не пайда, Көп мақтауын таппаса? Көп Тәңірі атқан мақтай ма, Ол Тәңірі атқан болмаса? Жоқты-барды шатпай ма, Көптің өзі оңбаса?…Жұрттың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңір атқан-Шыр айналған дөңгелек..Мен ақылдың құлы емес, Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп пұл емес, Өлім барда қорлық жоқ. Өмір, дүние дегенің Ағып жатқан су екен. Жақсы-жаман көргенің Ойлай берсең у екен.» (Абай ата) Өзінің көңілімен-ұжданымен сырласа алатын, «төртеуі түгел»; «Екі сөзді Тәңір атқан-Шыр айналған дөңгелек...» тағдырлық «Шар»-ды, яғни шеңбер-күн, чакраның ортасында қосу белгісімен тоғыз «кісілігін» төбеден алған, төрелігі жетілген үлкендер, ел билеуші, зиялы қауым, дін ғалымдары бар ма қазақта?
Байтасов Т.К. жеке блогы
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ болу керек; Әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білесің. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. Бұлардың емі халқына махаббат, ғалам халқына шапағаты, қайратты, тұрлаулығы, әділет ісінің алды –артын байқарлық білімі, ғылымы болсын…Ол білім, ғылымы құдайға бағынумен, ерумен, құлшылығымен болсын. Ғылым әуелі ғалами (әлемдік жаратылыстық) ғылымға ерумен бағыныштылықта болсын. Яғни құдай тағала бұл ғаламды жаратты ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кемелділікті бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңізде жақсылыққа негізделіп және оған арқа сүйерлік шеберлікпен болсын..» (Абай ата өсиетінен)
Қазіргі таңда қазақ елінің сырттан қарағанда мемлекет заңына бағынған, көп ұлттардың басын біріктіріп ұстап отырған, әлемге татулықтық, бірліктің үлгісін көрсетіп отырған ел болып саналамыз. Сондықтанда шаруашылғы, өндірсі дамып жетілген елдердің өзі қазақ мемлекетінен үлгі алуға достық қатынаста болуға құштарлық тантуларында да осындай адамдық тартылыс заңдылығы бар. Бірақ өзімізге әлем жұртының емес ата –баларымыздың ақыл-ойлық дәрежесімен қарап, сынайтын болсақ; яғни рухани жағдайымызды іштен, төменен қарап бақылағанда,іштей іріп, заңмен бекітілген шегелердің шіріп, ашық теңізде ескексіз, желкенсіз басқарусыз келе жатқан, түбінде желдің айдауымен бір тасқа соғылып быт-шыт болып қирайтын кеме сияқтымыз.
Бақытты болу арманың,
Ақталсаң текке жалғандың.
Әлдилеп бата беретін,
Дәстүрің тектік қазағым.
Жаратушымыздың адамзатқа түсірген барлық кітаптары негізінде пайда болған діндердің негізгі мақсаты; адамзаттың бақытты өмір сүріп, жер бетінің барлық тіршілік әрекетінде Алла тағалалық (Аллалық әлемді тұтас баураушы емес) яғни жаратылыс әлемнің ішкі сыры, зайыры болған (метафизикалық қарсылықсыз қуаттар жүйесі) өзіндік сипатына ұқсас халифалық, басқарушылық қадірін, рахметін меңгерумен, яғни құдіретті қолының қызметшісіне, сүйікті құлына, белгілі бір дәрежелі қанатты періштесіне айналумен нәтижеленеді.
Жаратушымыз әлемді шындықпен яғни даналықпен, ақылдың жоғарғы дәрежесімен, сөздің қуаты, білімнің үні- ғылым арқылы жаратқанын құранда, киелі кітаптарда ескертеді. Ал дін ғалымдары; «дінді ақылдан жоғары», деп мұндай аяттарға қарсылық жасап Аллаға да ортақ қосады. Қандай да дін құлшылығы, адамзаттың мәдениет өркениеті ақылдың қуатын біліммен, намаздық, тіршіліктік амалдармен өсіріп, байытып өркендетуге ғана бағыталған жағдайда, адамзат бақытты өмір сүруге мүмкіндік алады.
«Хақиқат келді сөзсіз негізсіз нәрселер жойылады» деген Раббымыз құранда. Шындықпен шынның арасында хақиқат тұратынын, ал хақиқаттың шындықты айыру мақсатында Алла тағала тарапынан түсетін ерекше хикметті білімі, белгілері хабарлары екенін, «ата жолы және аққу сұңқарлар» атты тақырыппен баяндап жатырмыз. Әлемдік тұрғыда; Аруақ Алланың жаратып, бейнелеген шындығы, ғылымы болып, ал оның кітапқа, тағдырға айналған бейнелері, адамзаттың өнімі- ғұмыр кітаптары, қол-бала періште, қанаттары, жанның көлігі болып саналды. Қазақтың ұғымында ғана жан ғылымының сырлары нақылдармен, насихатармен сақталғанда; Алланың хақтығы, растығы дәстүрімен бекіп, намаздық амалға айналған тура жолдың ірге тасын дін ғалымдары, діншілер, білімді қауым өкілдері ел билеушілерді айдап салып, халықтың санасынан өшіріп, қызылбастық елдің орта топтық дін салтын енгізіп, ақылдарымызды қазыққа байлап, енді тек заңмен ғана жүріп, ойлану еркін, жігерін жоғалтқан мәңгүт елге жаппай айналып алғанымызды несіне жасырамыз?
«Дін –үгіт әрі насихат» деп түсіндіреді барлық киелі кітаптарда. Үгіт дегеніміз жамандықтан тиым салып, жақсылықтың, адамдықтың жолын көрсетумен баяндалатын өсиеттерімен, көркем сөз ақылдың үлгісі екені белгілі. Ал енді насихаттың ұғымын аятта; «Олар сөзді (құранды, дінді)зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрселер келді ме? (68). Немесе «Онда бір жындылық бар бар» дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де көбі шындықты жақтырмайды. (70) Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарады.» (23-71)
Алдыңғы тарауларда шындық пен шын туралы және оның арасына құдайлық үкім, хикметтердің, мұғжизалардың түсіп хақиқат болып шынның ішіндегі шындықты анықтауға, меңгерген біліміміздегі ақпен қараны ажыратуға себеп болатынын түсіндірдік. Жалпы жараталыстағы мейлі метафизиалық тұрғыдағы мейлі біздің күнделікті пайдаланатын қуаттармыздың, ток күші мен жарықтардың екі қарама-қарсы бағыттағы өрістердің үшінші бір бейтарап нәрсеге әсерінен үшінші жайдайдағы күштің пайда болып, осы үшіншіні біз түрлі әрекеттерге, өнімге айналдыратынымыз физиканың қарапайым қағидаларынан да белгілі.
Жаратушымызды тану арқылы адамзаттың белгілі бір өмір сүруге, бір-бір біріне, жалпы жаратылыстағы жанды , жансыз нәрселерге қарым қатынасы пайда болады. Біз барлық әлемді жаратушыны толықтай танып алуға пенделік ақылымыз, біліміз ешқашанда жете алмайды. Алланы тану дегеніміз бүкіл жаратылысты, оның ішкі, сыртқы қуаттар жүйесін өз ара қатынасын, белгілі бір тіршіліктік жағдайдағы пайда зиянын анықтай алуымызбен байланысты болмақ. Және барлық адамзаттың бір текті болып, білім жүзінде, дін құлшылығы арқылы Алламызды толық танитын дәрежеге жетіп, барлығымыз әулие- тұлға, кісіліктің, хакімдіктің дәрежесін меңгере алуымыз мүмкін емес. Сол сияқты біздерден бұрынғы замандарда өмір сүрген даналардың, әулиелердің меңгерген және кітап жүзінде қалдырған білімдері арқылы да; әулиелікте жетілген, тұлға болып кете алмаймыз, ол да мүмкін емес.