(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Бұл жазбаның да өз талабы болып, біздің мақсатымыз Абай атамыздың ойшылдығы бойынша ақылды меңгеру арқылы имандылық пен махаббатпен Алла тағалаға және адамзатқа құлшылық жасау арқылы, Ол Алланы яғни жаратушының рахметіне бөленуге, сыйына кенелуге, мәңгілік өмірдің есігін ашуға деген құлшылығымыздың реттілігін табумен белгілі болмақ. Қандайда бір мұндай толымды құлшылық ниетімізді біздер ақылдың көмегімен, қуатымен ғана айқындай аламыз. Сондықтан да біздер бұл жазбаның бірінші тақырыбын 38-ші сөзден және пайғамбарлық қасиеттіліктің 38-сипаты «Естуші» яғни уахи алушы мүміннің имандылық, толымды дін ниеттілік, махаббатылық жағдайынан бастаған едік.
Шылымшы, зинашы, нашақорлық,
Үшеуі ағайынды қылған зорлық.
Рух тазарып жан өспей тек аздырған,
Айырмасы бірі үлкен, кіші арам болып.
Мәңгілік ел мекені,
Топырағы толған киелі.
Тұраның туы Түркістан,
Әулие-әмбилер мектебі.
Масһабшы дінші ғалымдар,
Сөз ұғымын аздырар.
Атаудан сөздер туатын,
Жұбы мен және пары бар.
Дүние байлық болмайды,
Иманы жоқ көмеске,
Байлығың ұзақ тұрмайды,
Қорқытпа босқа жемеске.
Адамның адамдығы тіліменен,
Ақылмен сөзді тауып бейнелеген.
Ақылға ғылым билік жүргізуге,
Ой қуатын мінезбен меңгер деген.
Көңілді күй бұзылған,
Ұнатпай сөзді алды да.
Өмірдің сырын алдырған,
Қайтсам деп артқа тағы да.
Тамылжытып ән салып,
Қымбат қылған жар салып
Жұлдыз атап қадірлі,
Қарасын жұрт тамсанып.
Надандық ілімнен басталады,
Білімді көп қазақта болмақ нары.
Ұлтымыздың бірлігін сақтау үшін,
Топ құрып өз пікірін жазғандары.
Ғисадай көркем сөзді пайғамбардан,
Талай үлгі рух сырынан үлгі қалған.
Қазақтың дәстүріне жалғап оны,
Ясауидей бабадан ақылы мирас болған.