Намазды парыз дейді мұсылманға,
Ол намаз иман деген оқыла ма?
Мұсылманға иманды парыз деген,
Имансыз құлшылығың емес таза.
Иманды адам мақтана ма?
Оқымай намазын жүре ала ма?
Мұсылмандық дәстүрін сақтай білген,
Ақылы түзу болған есі барға.
Намазды парыз дейді мұсылманға,
Ол намаз иман деген оқыла ма?
Мұсылманға иманды парыз деген,
Имансыз құлшылығың емес таза.
Иманды адам мақтана ма?
Оқымай намазын жүре ала ма?
Мұсылмандық дәстүрін сақтай білген,
Ақылы түзу болған есі барға.
Кейбіреулер кету үшін туылған,
Уақыты жоқ қызық дүние қуудан.
Кейбіреулер қайта тумақ жаралып,
Құдай сыйы кімге қалай бұйырған?
Он теңге әйел заты сый алған,
Тоғызы бар бір теңгесі жоғалған.
Бір теңгесін күнде іздеген әйел көп,
Онсыз қалған байлығынан айрылған.
Тәуелсіз егеменді ел аталып,
Желтоқсанда жеңіп алдық деп мақтандық.
Жастарды арандатып қырылуға,
Жындылықты құдай жолы деп атадық.
Ата-баба аманатын қан мен терін,
Талай ғасыр қияметтен өткендерін.
«Құдайсыз қурай да сынбайды» деп,
Теріске алдық даналар өсиеттерін.
«Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық келеді.» (20-15) Қазіргі таңда қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем елдерінің рухани дағдарысқа түсіп, иман қуатының жоғалуымен және оның орнына тек жалбарыну, сенімді бекіту құлшылығы келіп иманға ашық қарсы шығудан оның арты дүниелік сынықтар мен азаптарға, апаттарға ұласып жатқаны да сөзсіз. Бұл Раббымыздың біздерге де қаншама жыл сынақтан өтумен және дін тұрғысында қандай имандылығымызды көк отанның қазынасын сақтай алдық соған байланысты әлемде ерекше белгі қазақ елінде басталып иманды меңгеру мен сенімділік құлшылығының арасында ақпараттық соғыстың басталғанына да ондаған жыл өткені де сөзсіз. Сонымен осыдан екі жыл бұрын Құдайдың ашық түсірген хикметін, мұғжизаларын теріске шығарып соттаған қазақ елі үшін желтоқсан айының аяғында қияметтік сын сағаттың соғылғаны және мұның енді алдағы уақытта алты жылы барын да білген жөн.
Сонымен Иман: 1.Ақыл; 2.Пайымдаушылық , ойшылдық; 3.Ізеттілік; 4.Көркі өзіне сай (жасына, жынысына, атақ, дәрежесіне сай болу);5. Ізгілікті (жомарттық, мейірімділік) болу. 6. Сабырлы болумен толық имандылықтың 6 шарты болу керек. Ақылды меңгеру және оның қызметшілері (зейін, зерде, зеректік, жады, жат, жете, сана) санамен ерекшіліктері адамзаттың жаратылысына байланысты қуаттық туралы «Жын –шайтандар философиясы», «Құлшылықтар философиясы» атты жазбаларда талқылап өттік. Сол сияқты жалпы қазақ дәстүрінің имандылық ерекшелігінің, оның меңгерудегі әрекеттердің сипаты Абай атамыздың 45-қара сөзімен, пайғамбарлық қасиеттермен байланысты жетелік тұрғысында түсіндіріліп, жазылып баяндалып та жатыр.
«Дін дегеніміз көзқарастар жүйесі мен іс-әркеттер және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында ғана көкірегі ояу адамдар өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады..»(Әл-Фараби) Сонымен ғұлама бабамызға жүгінсек дінді меңгеру үшін көкіректің ояу болуы міндетті шарт екен. Олай болса көкіректің оянуына ең басты себеп бір ақылдың қуаттылығы, естіліктің жағдайы және ішкі дүние мүліктің сыры иманның қажетті мөлшері, шамасы керек екен. Дін-сенімдерді меңгерумен өзінің бейнесін құлшылығын анықтап, ал діннің мақсаты мен талабы адамзатты жер бетінің халифасына , құдайлық сипаттағы періштелік дәрежеге айналдыру болмақ.
Жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін әрбір жаратылыстың нәрселерін парымен жаратым» деген. Пар, парлық, пар болу деген бірінсіз-бірі пайда бола алмайтын, көбейіп қосыла алмайтын, тіршілік ете алмайтын, белгілі бір талапқа да сәйкес бола алмайтын деп ұғынған жөн. Әйел мен еркектің жыныстық тұрғыда қарама қайшылығы да бір–біріне достығы да қастығы да пар болып жаратылып барлық әлемдегі нәрселер осы екі пар үшін қызметке пайдаға асуға ғана жаратылғаны да хақ. Енді рухани яғни көместік, ғайыптық, метафизикалық, физикалық, химиялық, биоөрістік тұрғыларда еркектің де әйелдің де рухани жаратылысының жұбы, пары болып; оны жандық және жындық қуаттық болмысы деп атаймыз. Сондықтан адамзат деп аталғанмен заттық тұрғысында да екі жыныстық ерекшелікпен, ағзалық қарама–қайшылықпен өзара бірігіп көбейуге бейім болса, рухани тұрғыда да екі сипаты болып; жындылық қуатпен күш қуатты, өнерді, түрлі қарекеттік істерді меңгерумен байланысты да бейнеленуі болып және бұл көмес болмыстың да өзара қосылумен онан пайда болатын өнімі болуы шарт.
Қандайда бір халықтың тарихи дін ұстанымымен белгі қалып оны; Әдет-ғұрыптар деп атаймыз және мұндай ғұрыптардың да ата бабаларымыздың жаратылыстың себептерін меңгеруге, түрлі рухани қуат, күштермен байланысты өмірлік тәжірибесінен, Алланың болмысын мойындаудан туындағаны да хақ. Сондықтан пайғамбарымыз; «Сендер ата-бабаларыңның ғұрпын сақтаңдар. Олар кесірткенің ініне кірсе сендер де кіріңдер» деп ескерткенде сахабалар; «Бұрынғы аталарымыз християн, яхуди болса да ма?» деп сауал қойғанда «Ия» деген жауап болған екен. «Әр үммет үшін үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Бұл іс (шариғат) жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» (22-67)
Қазіргі таңда қандай да бір әлемдік және мемлекет ішінде болған, болып жатқан, алдағы уақытта болатын оқиғалардың белгілі бір заңдылыққа бағынатыны және мұндай оқиғалардың бағзы заман халықтарының тағдырларының жүздеген жылын аз ғана мезгілде, дәуірде қайталанып отыратын да шарттары бары сөзсіз. Қазақ елінің өткен арттағы тарихымызға үңілсек қаншама қанды оқиғалардан, апаттардан, сынақтардан, қан төгістерден ұлтымыздың негізгі тегін сақтап жоғалып кетуден де аман есен өтіп, шежіреміз қалыптасып, біздердің тұрмыстық салттарымыз бен өмір сүру ерекешелігіміздің рухани тұрғыда ұлтымыздың және өзге ұлттармен де ауыз біршілігімізді, халықтардың тұтастығын қалыптастыруға да қабілетті дәстүріміздің де өзге ислам елдерінен әлде қайда биік тұрғанын жетесі жетілген, имандылықты толық меңгерген және санасына белгі алған арлы адам баласы ғана ұғына алады.
Сайттардың бетінде тылсымнан аруақтардан келген ақпарат бойынша; Бұл елді мекендегі ұйқының салдары жер астына шағып жатқан нұрға байланысты екенін, мұнан ата жолы арқылы тазаруға болатын ескерткенмен мұны түсінетін ел билейтін, зиялы қауым арасынан санасы бар азаматты әрине бұл кезде кездестіру қиын. Сана қуаты бастағы шырағданның, қажылық қасиеттің жетілуімен және бас киіммен, ақ жаулықты төменгі сана етектіден алған қан шарабымен тікелей байланысты деп түсінген жөн. Сондықтан қазір тегін жоғалтпаған, анасының ділі қуаты таза, ақ сүтінен ұлттық қасиетіне, ағашына жалғана алған санасы жетілмегенмен жетесі бар азаматтарға ғана бұл хабардың ұғымды болатынын ескерте кетейік.