Қызғаншақтық (81)

Бөлім: Зікір өлеңдер 58

Қызғаншақтақ, іштарлық,

Жолдас болмас адамға.

Ұмыттырып жақсыны,

Көңіл кетер артыңа.

Қатайтады көңілді,

Шайтан кіріп араға.

Талаппенен ынсапты,

Түп тамырдан жояды.

Қам көңілді тияды,

Көзді байлап көрместей,

Соқыр қылып қояды.

Өзіңде жоқ нәрсені,

Өзгеден көрсең қызғанба.

Өзіңде бар қасиет,

Қашсаң да біреуге қона ма?

Қызғаныштан іштарлық,

Өсіріп пенде озған ба?

Иман еніп іштарға,

Жанға білім бола ма?

Қызғаныш болса тағдырда,

Зина болған жазуда.

Сол жақ қол ісіңнен,

Өткенді өмір алайда.

Қызғаншаққа зинаны,

Қосады Құдай сынауға.

Іштарлыққа қосылып,

Айналасың хайуанға.

Бойыңдағы жақсыны,

Көбейтіп көпке бере біл.

Қажырлық пен аз сөзділік,

Ақылға қуат керек дүр.

Артық болмас түсінсең,

Жолына ата сене біл.

Сеңдей соғылған көпке,

Біліммен ғылым білмекке,

Еліктей бермей тежей біл.

Құдайдың берген дәнегін,

Ғылыммен иман өнетін,

Қызғаныш болар өртейтін

Іштарлық болып өсетін.

Ата дәстүр салтымен,

Тосқауыл қоя білетін.

Дін, ділін елдің аздырмай,

Жоғалттырмай тектің есімін.

Зарлатпаған, қор қылмай,

Жесір менен жетімін.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *