Сын сағаты(222)

Бөлім: Зікір өлеңдер 48

Қияметтің соғып сағаты,

Аз болып өндірген қуаты.

Тағдырдан ажырап адамзат,

Арсыздық болды тағаты.

Кіналап келген заманды,

Ұмытып түсер жазаны.

Жарығын алған өмірге,

Жоюға жинап қараны.

Кешікпес сағат жүрістен,

Шықылдап тілі бекіткен.

Секунт пен минут сағатқа,

Толғанда жауап сын түскен.

Тағдырдың бөлек сағаты,

Пенденің әрбір талғамы.

Сынықтан басқа бәрі де,

Заманға күйлеп жұғады.

Нәсілімен қылық заманы,

Бүгінде қайта оралды.

Лұттың да келіп нәсілі,

Індет боп елге тарады.

Түсіріп Раббы хабарды,

Белгісін түрлі азапты.

Көкірегі соқыр қауымдар,

Қарсылықпен болып амалы.

Бұл да бір нәсіл сынағы,

Перғауындық қайта оралды.

Раббыдан түскен белгіні,

Мазақтап қарсылық қылғаны.

Толтырып тағдыр сағатты,

Әлемнен жинап жаманды.

Азабын Алла күшейтіп,

Дүниемен болып бағамы.

Нәсілің адам парасы,

Минут боп сағат толмағы.

Алпыс нәсіл меңгеріп,

Жынға қуатың қоспағы.

Тегі ұлттың төмендеп,

Діл азып жаны өлген көп.

Нәсілге қара жалғанып,

Латынға кетті құштар боп.

Жобасы ібіліс оңайда,

Жеңіл тұрмыс қолайға.

Жаңашылдық індет боп,

Күнде өзгермек қалайда.

Сергек ойлы адамдар,

Себебін, мәнін ұғынар.

Көп шуылдақ не қылсын,

Білімі қазық байланар.

Құдайсыз қурай сынбайды,

Хақиқатпен Алла сынайды.

Бұзықтықтар түгел жойылып,

Әділдігі хақтың орнайды.

(Қараша 2019 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *