Әлем халқының бүгінгі замандағы ең үлкен алаңдатушылық туындатып жатқан түрлі бүлікшілік және таң қаларлық адам ақылы жетпейтін уақиғалардың, көріністердің біздің замандық білімнен тыс «метафизикалық» жағдайлардың көрінісін түсіндірмек болған философиялық пайымдаулармен және талай дін топтарының туындауына себеп болып жатқаны хақ. Сонымен мұндай құбылыстарға қазіргі болып жатқан қияметтік оқиғалардың жауабы, түсінігі бар ма?-деген сауалды қойып жатқандарымыз да жеткілікті. Неге «гендік»теңдіктің, «демократияның» үлгісі болған Америка құрлығында апаттар 3 есеге артып және біздердің қатарына қосыламыз деген дамыған аталған мемлекеттердің де осындай кенеттен, тосыннан келетін табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатыр? Бұл жағдайлардың теңізге жақын орналасып, табиғаттың кездейсоқ оқиғасы десек, мұндай теңізі жоқ және теңіз деңгейінен ең биік жерде орналасқан қазақ елін су басып жатыр. Көрші тұрған қырғыз, өзбек, орыс, тәжік елінде неге мұндай жағдай жоқ?
Байтасов Т.К. жеке блогы
Қазіргі таңдағы қазақтың рухани жағдайын осыдан 3-4 жыл бұрынғы кезеңмен мүлде салыстыра да алмаймыз. Енді бұл жағдайды немен өлшеп тануға болады деңіз. Сонымен нақты деректерге жүгінсек; 2004 жылы «Ақиқат бастауы» атты кітаптың 1-ші бөлімін шығарып және кітап түрінде таратқанмен оны зиялы қауым өкілдерінің оқудан бас тартқанды былай қойғанда, ел билік тарапынан қудаланып, тиым да салынған болатын. Ол кітапта қазақтың дәстүрін, әдет-ғұрпын, дін ұстанымдарымен бірге құранның қазақ тіліндегі аудармаларын Халифа Алтай атамыздың аударған еңбегімен салыстыра отыра өз пікірімді жазып сынаған да едім.
Масһабты, шариғаттық дін ісін жол-ғылым, ілім негізі қылып, сұқбаттың сөз тазалығының ұлттық маңызын жоюға жан салып еңбек еткен қазақ діншілерінің бүгінгі таңда еккен бұл улы ағашының жемісі көрініп нәтижесін бергені де хақ. Әсіресе бұл аурумен ақпарат беру саласының ауырғаны ұлттық қасіретімізді де білдіреді. Жұма күні (23-05.2013) беріліген «Біз» және «Иман айнасы» атты хабардан ғана мысал бере кетейік. Сонымен Иман айнасындағы талқылауға, сұқбатқа қатысқан Қызылорда облысының мешіт имамының сөзінен пәтуасынан оның имансыздығы ғана көрініс беріп, бұл сұқбатты жүргізушінің де оны түзетуге ақылының шамасы жетпегенінен де иманының әлсіздігі ғана байқалды. Себебі имамның; «Көріпкелдік, тағдырды болжау деген шариғатта ұлықсат етілмеген» деген пәтуасының өзі құранды да жалпы діндердің барлық негізгі құндылығын теріске алған кәпірлік сөз ғана болғаны да хақ. Себебі бұл имам құран аяттарың, «..Сендермен өліктерді сөйлестіремін, барлық нәрсені алдарыңа жинаймын…» (6-111) «Алла тағала бір адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалғанын уахи етеді..» (42-51) деген және осыған ұқсас жүздеген аяттарды теріске алып, сонымен бірге Інжілдік, Ғиса пайғамбарымыздың қалдырған, рухани жетілуімен киелі рухтарға жалғануға көрсеткен үлгі мирас қасиеттерін және елшілік, емшілік істердің шариғат дін ісімен қамтылуы мүмкін емес, себебі бұл туралы құранда (5-68) аятпен нақты ескертіп «..Інжілдік бұл рухани дарындылықтарды меңгермесеңдер түк емессіңдер» деген Раббымыздың ашық аят үкімі исламдық шариғатқа, масһаб біліміне енбей қалған. Сондықтан да заманға қарай уахимен, хабар алумен арамыздан шыққан дарынды елшілік істерді меңгерушілер арқылы да Құдай ісі болып және бұдан үлгі алған мүміндер жеке-жеке аруақтарымен жалғану арқылы ғана атқарылып; «Расында Сендерге Раббылараң тарапынан көрнеу дәлелдер (аян, уахи беріледі)келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін.» (6-104) Сонымен аруақ-ғұмыр кітабының бейнелнуін, ал мұны бейнелейтін көруші, естуші, өздерінің іштеріңнен айтушы болған адам баласының серігі, иман жолдасы болып жақсы-жаманды аян, түстермен көрсетуші періштелерінің сипаттарын және оларға жалғану арқылы ескертушіден елшілік қасиеттерге дейін дәрежеленіп меңгеруге болатынын дін имамдары шариғатта жоқ деп неге құранды терістеп, Раббымыздың үкімдерін неге мазаққа алумен айналысады деген сұрау қойыңыз. Осындай жағдай «Біз» бағдарламасында да көрініс беріп, енді дәрігерлік медицинаны дәстүрлі, ал емшілік істерді халықтық деген тажалдық ұғымды қалыптастырушы ақпараттық орындағы тілшілер, жүргізушілердің надандығын қалай түсінеміз? Құдайдың ісімен арамыздан пайда болған дарынды қасиетті адамдар арқылы ғана қалыптасатын емшілік білімнен барып- шипагерлік білім, шипагерліктен — дәрігерлік білімнің пайда болуын жалпы адамзаттың «дені», «діні», «ділі», «тәні», «рухы», «жаны»- ден саулықтың тұтастығын ғана көрсетіп, оны бөлек-бөлек қарастырғаннан, бөлшектегеннен жер әлемі індеттен айыға алмай жатқанын неге мойындап, ақылымызды мұндай қазықтан, тажалдықтан босатып ойланып көруге, соған байланысты ұғымдарды да өз атауымен, орнымен атауды меңгермеске? Дәстүр деген құраннан, жалпы адамзатқа түсірген барлық діннен бөлек болғаны ма? Мұндай сұмдық тажалдық білім қайдан шыққан? Түр дегенің өзі 8 түрден тұратынын, бұл сегіз қарсылық күш, сегіз аяқ, сегіз түс, сегіз қыр, сегіз діннің бірлігі емес пе? Демек қазақ зиялы қауымында, дін ғылымында да иманның әлсіздігі, сөз тазалығын сақтай алмаудың яғни имандардың есетері екі жүзді әрі кіресілі-шығасылы ғана екеніне бұл аз ғана мысалдың өзі жеткілікті болмақ бір есті, жетелі адам баласына. Пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде адамдар ұйқыдан оянғанда мұсылман болып, кешке қарай үйіне кәпір болып оралады» дегенін қазақ ақпараттық қоғамының меңгерушілері толық дәлелдеп жатқаны да хақ.
( Мамыр 2013 жыл.)
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}
(жалғасы 2-ші бөлімде)
Сұқбатта пікір талас тудырған философ ағайынның; «Дін жолы мен Құдай жолы бөлек» деген бірінші бөлімдегі талқыланған пәтуасына қайта оралсақ. Құран жалпы рух туралы білім және жаратушыдан түсірілген жаратылыс және тіршілік себептері мен әлем тағдыры туралы жоғары философиялық ақыл сөз. Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың хадис-өсиеттері тіршілік қағидалары, өмір сүру тәртібі, мәдениеті туралы логикалық яғни сананы жетілдіру біліміне жатады. Осы екі білімнен барып жалпы әр ұлттың өзінің тұрмыс еркшелігіне қарай психологиялық, ұлттық мінезді қалыптастыру, тәрбилеу білімі дәстүрі қалыптасқан.
Осы кезге дейінгі көптеген жазбаларымда, және арнаулы кітап түрінде де қазақ сөз өнерінің майталмандары болған философ ағайындарды сынаумен келгенім де рас. Бұл менің оларды жек көргенім емес, керісінше дін болсын, басқа барлық ғылым-білім саласы болсын кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін айыратын әділ қазы болуға тиісті философия мектебінің өкілдері болу керек
Құран- Алланың біздерге көрсетіп қойған, Алланың көркем сөзі. Ал әрбір аяттыың орнын белгілеген сандар жүесі растығынан хикметінен белгі болып табылады. Құраның араптарға түсірген яғни арап тіліде мағлұм болған насихаты арап елдері үшін өз ара сұхбат құру мен философиялық пайымдаулардың шегін белгілейді. Бірақ, құранды арап тілінде оңайластырып үгіт түрінде түсірдік деген аяттар бар. Олай болса құранды арап тілінен тікелей оқығанмен, насихаты ғылымдық сыры түсіндірмейтін өз-ара ұқсас аяттардың құпия сырлары ашылмайды. Бұл аяттар өзге және жан ғылымынан нақылдары, сөз байлығы қалптасқан елдерге аударылу арқылы ғана және әрбір 100-жыл сайын сөз атауларының ұғымдарының өзгерумен арап тіліндегі атау сөздердің жаңадан мағыналарының ашылып отыруымен де ерекешеленеді. Мұндай ғылымен айналысатын философиялық сөз ғылымын меңгерушілердің де дарындылғына байлансты болады. Сондықтан арап жұртынан философтар сұхбат білімін жетілдірген даналар шығуы да мүмкін емес.
Дінің де ұлтымыздың да тәрбиесі сөз білімін меңгеруге келіп тірелетіні де хақ. Ендігі қазақ елінің сөз білімін жүргізуші; филолог, психолог, жазушы, ақын, саясатшы, дінші қауым өкілдері болғаны да айқын. Көптеген жылдар дін дәстүрінің де, қазақ салт-дәстүрінің де көлеңкеде қалуымен, ендігі жолымызды да, саясатымызды да, дінімізді де кітаптан алған, оқыған біліммен бағалап, кім көп білім білсе, кітап оқыса сол ғұлама, дана, деген ұғым қалыптасқасын, аталарымыздың; «Ақыл жастан» деген мақалына сәйкес келеді.