Үмітсіз – шайтан»

Бөлім: Ғибратты әңгімелер 92

Баяғыда әкелі-балалы екеу болыпты. Қанша тәрбиелесе де, жағымсыз қылықтан алшақ болуды үйретсе де қайталана беретін баласының сотқар қылықтары әкесінің жанына батады екен. Бірде бала аяқасты қатты науқастаныпты. Әкесі қолдан келгенін аянып қалмағанмен, ұлының жағдайы күннен күнге нашарлай береді. Перзентінің сотқар қалпынан түзелмегеніне іштей налыған әкесі:
– Ұлым-ау, алда-жалда олай-бұлай болып кетсең жағдайың не болмақ? Қиқар мінезіңді де түзеп үлгірмедің, – депті ақыретін уайымдап. Сонда баласы:
– Әке, сіз не десеңіз де, мен зор үміттімін. Алла мейірімділердің ең мейірімдісі емес пе? – дейді өзіне сенімді үнмен.
Көп өтпей бала көз жұмады. Қайғырып жүрген әкесі ұлын түсінде көріпті.
Одан ақыреттегі жағдайды сұрағанда, ұлы:
– Сізге айтқан соңғы сөзім үшін Алла тағала менің барлық қателіктерімді кешірді. Ешқашан Алладан үміт үзбеу керек екен. Мен осыны ұқтым, әке, – депті.

****ь   ***

ЖЕТІ ЖАҒДАЙДА СӨЗ ҚОЗҒАМА:
1. Кедейдің қасында дүниең туралы.
2. Науқастың алдында деніңнің саулығы туралы.
3. Әлсіздің алдына күш-қуатың жайлы.
4. Жолы болмай жүрген кісінің алдында бақытты екенің жайлы.
5. Түрмедегі кісінің алдында бостандығың туралы.
6. Бедеу кісінің алдында балаларың туралы.
7. Жетімнің алдында әке-шешең туралы.

***  ****

Сұлулық жеткілікті ме?

Франция императоры 3-ші Наполеон өз заманасында дүниенің ең әдемі әйелі саналған Теба графинясы Мария Евгениямен үйленуге шешім қабылдағанын жариялағанында көпшіліктің таңданысы мен наразылығын туғызды. Тәжірибелі кісілер бұл шешімінің дұрыс еместігін айтты. Ал Наполеон айтылған сөздерге құлақ аспады және бұл шешімін жүзеге асырды. Екеуі де бірін-бірі қатты жақсы көретін. Екеуі де танымал, әдемі, үлкен байлыққа ие еді. Бірақ, бір нәрсе жетіспейтін. Әйелі өте сұлу болғанымен өте жаман мінезді еді. Евгенияның ханшайым болуы да, махаббаттарының күші де, тақтың құдыреті де бұл отбасының құлдырауының алдын ала алмады. Евгения Наполеон үшін нағыз бас ауруына айналды. Күмәндар ішінде арпалысқан Евгения, Наполеонның ең босамайтын кезінде жанына баратын, ең маңызды кездесулерін үзетін, айқайлап, шу шығаратын. Ойына келгенін істейтін, әпкесінің жанына қашатын, күйеуінен шағымданып жылайтын, соңында Наполеонға қайтып келіп айыптауларын жаудыратын.
Алып салтанаттың, зәулім сарайдың иесі болған Наполеон, бір сәт ойларын жинақтау үшін бір бөлме табудан қалды. Әйелінің теңдессіз сұлулығы енді оның қорқынышты түсіне айналды. Бұрын оның жүзіне қарағанында рахаттанатын Наполеон енді оны көрмеген сәттерінде рахаттанатын болды.
Жаман мінездің улы әсері және әйел айқайы патшаны да үйінен қашырды.
20 жыл ажырасу істерімен айналысқан танымал адвокат былай дейді:
«Ер адамдардың өз үйіне ерте барудан қашып, қаңғырып кетулерінің ең маңызды себебінің үйдегі әйелдерінің ызыңы болуы екендігіне куә болым. Көп әйелдер өз отбасыларының мазарын осылай қазады…»
Жар таңдағанда отбасылық өміріңізді бақытты қылу және үйіңізді тозақ азабына айналдырмау үшін, барлық нәрседен бұрын әйелден жақсы мінез іздеу керек. Сүйікті пайғамбарымыз 1400 жыл бұрын отбасы бақытының формуласын былай деп білдірген:
«Әйел байлығы үшін, сұлулығы үшін немесе діні үшін алынады. Сіз діндар болғанын, жақсы мінезді болғанын алыңыз! Байлығы үшін алған, байлығына қауыша алмайды. Тек сұлулығы үшін алғандар да сұлулығынан мақрұм қалады.»

***  **

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *