Ызақорлық (80)

Бөлім: Зікір өлеңдер 51

Сыйдырмас теріге ашуды,

Бұрқыратып буыңды.

Ызақорлық деген бар,

Шығарар сыртқа жыныңды.

Үніне ақыл бағынбай,

Көзіңді жауып сағымдай.

Құлақты тарс жапқызып,

Үргізер ит хайуандай.

Жалаған өз құсығын,

Иттей болып қылығың.

Қор қылады өзіңді,

Тыңдатпай кісі ақылын.

Адырайтпай тамырды,

Баса көр ыза, ашуды.

Қабаған ит болма шынжырда,

Бесеңдет дауыс арсылды.

Басыңа зәрің шығады,

Жыныңа болар қуаты.

Баурайды бойды ызасы,

Уланып миың қалады.

Тазармас бастан жын суы,

Шығады өріс у буы.

Тамаққа қосып береді,

Болмаса баста жаулығы.

Ызасы бастан еркектің,

Болмаса қорған бөріктің.

Су сұраса у берер,

Қуаты болып ұрықтың.

Жын тізгіндеп шашыңды,

Өлтірмесін жаныңды.

Ызаға иек қосылып

Тосады тағдыр жазуды.

Маңдайдан көз жабылған,

Ызасы бастан сор болған.

Суық ми сасық өрісті,

Басынан кие жоғалған.

Ызаға қой тосқауыл,

Ақылың болсын қарауыл.

Адамдығың бойдағы,

Өлмес жанға бұл қару.

Ызамен қанды қарайтпа,

Арамдап басты жоғалтпа.

Жалаңаш жүріп тері азып,

Жоғалар ақыл, қайрат та.

Басыңды жауып жылы ұста,

Байлығы жанның ақ жаулықта.

Бөрікті еркек белді, рұқты,

Дәстүріңді ата ұмытпа!

(Тамыз 2018 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *