Ғайыптан енген көлеңкең,
Өзіңнен шыққан әсерден.
Құбылтады көңілді,
Бейнеленіп сөздермен
Ғайыптан енген көлеңкең,
Өзіңнен шыққан әсерден.
Құбылтады көңілді,
Бейнеленіп сөздермен
Жөнсіздік пен түзулік,
От пен судай шарпысқан.
Мұнан шығып қозғалыс,
Өлім мен тіршілік алмасқан.
Ескіліктің сөздерін,
Ділмен жібін өргенін
Асыл тастай салмақта,
Кітабынан Алла бергенін.
Басшың болса без бүйрек,
Елдің жайын кім білмек?
Қосшысында жоқ қанағат,
Өзінде жоқты үйретпек.
Мінез жанның пернесі,
Тағдырды өзгертер егесі.
Терең таным, түсінік,
Көпір болар сенімді.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жанға- тән, ындын, дене,
Тыншытпай тарлық етсе.
Өскені де ол жаныңның,
Көбейіп жеті сабақ өнім бере.
Көкірек көзі ашықтар,
Күнәні көрсе қашықтар.
Амалдатып, маздатып,
Иман нұрын лаулатар.
Ындынның іштегі жарығы,
Жақпаса отын көңілдің.
Бүлдірер аңдып сырттағы
Арттағы қырағы ерткенің.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Сиясы таусылмаған ғайып теңіз,
Алланың сөзі таусылмайтын ұшан деңіз.
Толқыны бірде қатты бірде баяу,
Ақылдың ақ нұрынан несібеміз.
Көзіңнің қарашығы дүние қармар,
Ағы болса жаныңа азық жинар.
Ақ пен қара арасын айыра алмай,
Жалғанның қызығына тоймас жандар.