Сиқырлы сандар әлеміне саяхат жасаған ғұламалар жеткілікті жер жүзінде. Негізі Тәураттан, Забурдан, Библиядан тарап Құранмен негізделеді. Тіл – дыбыс үндестігі. Дыбыс — сан. Оған қазіргі заманда таң қалдыру қиын. Сіздің ұялы «телефондағы» дыбысыңыз дереу сандарға айналып жер әлемінің екінші шетінде оны естіп, көріп отыра береді.

     Жалпы жалғыздық құдайға ғана жарасады. Сондықтан «мен бәрін жұп қылып жараттым» деген аятта. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды. Салт басты, сабау қамшы болмай сыңарыңды ізде, тұрағың болсын – үй бол, ұраның болсын – ұрпақ өсір!- деген атам қазақ. Егіз, жұп, жар деген сөздер 2-ге байланысты айтылады.

     Төрт саны әлемдік жұп, Құран бойынша ол Алладан келетін мезгіл белгісі. Барлық айқын болуға тиісті нәрсе болсын немесе сөз болсын 4 белгісі  шарт. Біздің өмір сүрген әлем қабығының тербеліс саны айына 4 рет ауысады. Дүниенің төрт бұрышы бар деген. Ол ақиқат. Жоғарғыда ескерткендей жер әлемі қиямет мезгілінде экватордан бүктеледі, сонда екі төменгі – жоғарғы нүктелер түйістіргенде әлем төрт бұрышқа айналады.

    «Мұсаға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды». «Күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық» деп сыбырласады. (Таһа – 103). 

    «Әй, Адам баласы! Сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларына құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боласыңдар» (Бақара-21).

«(Мұхаммед Ғ. С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде б

     Құранда пайғамбарлар, елшілер туралы қайталанып отыратын аяттардың өзіндік құпиясы сол сүреде баяндалатын уақиғамен және соларға келген хикметтермен тығыз байланысты. Жалпы Пайғамбар деп арнаулы Кітап немесе ғылыми жоба-жоспар алған адамдарды айтады.

    Жалпы қыпшақ деген сөздің өзі «Қашпақ», «Қашқын»  деген түбірді мағынаны меңзейді. Негізінде табыну, пұтқа шоқыну, т.б. Ғад елінің әдеті болған. Одан көк тәңірісіне табынуды үйреткен, енгізген Һұт елші. Дүниенің төрт бұрышы деп таулармен бөлініп Жапон аралы мен Африка жоғарғы жағындағы Алжир маңдарын қосып төртбұрыш түйенің төменгі бөлігін атаған болу керек.

      Алла тағала күллі өзінің құдірет күші, әділдігін әлемге паш етті. Әрбір зат, жан-жануарға қадір-қасиет, түр-тұлға, көрік, сипат берді. Алла тағаланың кереметінің шегін болжауға ешкімнің ақылы жетпейді. Себебі ақыл шекті, сана шексіз.