Шәкәрімдей әулиеден үгіт қалған,
Болмасын деп шикі өкпе қазақ балаң.
Бай болсаң балаң жүрмесін еңбек етпей,
Жалқаулықтан піспес өкпесі қатын, балаң.
Шәкәрімдей әулиеден үгіт қалған,
Болмасын деп шикі өкпе қазақ балаң.
Бай болсаң балаң жүрмесін еңбек етпей,
Жалқаулықтан піспес өкпесі қатын, балаң.
Шаранамен туылғанын,
Жалаңаш қалып жылағанын
Ұмытты бүгін көп надан,
Шайтанның суық қолынан.
Қызға қырық үйден тыйым берген,
Дәстүріне ұлтыңның бой идірген.
Бұрынғының бұл жолын кеткен тастап,
Ендігі қыз тәрбиесін жын меңгерген.
Сағынған сағыныштан жаны күйген,
Нәзік көп, айта алмай сырын бүккен.
Аңсаумен талай таңды атырады,
Бір көрсем деп ертең оның жүзін деген.
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3
Қыз дегендер шоқ қой қыздыратын,
Қызықсын деп қойған қыздың атын.
Қыз күнінде шіркін-ай бәрі жақсы,
Онда қайдан шығады екен жаман қатын.
Жақсы атақ, киелі сөз жігіт деген,
Жігіт болды деп ата-ана үміттенген.
Ел мақтаған жігітті қыздар жақтап,
Қыз сүймеген жігіттен ел күдіктенген.
Шынға шоқынған білімді болып алып,
Құдай ісін аузына алмас болдық анық.
Кер жазуын Осман түріктен таралған деп,
Құдайдан уахи дегенге нанбас анық.
Адамзатты жаратқан махаббаттан,
Махаббатты табасың тек достықтан.
Достықтың бар деген жүз сипаты,
Өсиеті қалғанды пайғамбардан.
Тәңіріні іздеп бір мұғыл,
Тас суретке шоқынса.
Өлсе де болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.
Бісіміллә сөздің басы деп айтамыз,
Жаман сөзді ауызға енді алмаңыз.
Жақсы сөз жарым ырыс болар деген,
Мұхаммед Алла досы деп айтамыз.