Келер, кетер дүниеге көп адам,
Дөңгеленіп қайта айналар сол заман.
Түзете алмай өз-өзіңді жынды боп,
Кімге барып өкпелейсің, ей адам!
Келер, кетер дүниеге көп адам,
Дөңгеленіп қайта айналар сол заман.
Түзете алмай өз-өзіңді жынды боп,
Кімге барып өкпелейсің, ей адам!
Білімсіз және нанымсыз,
Ұлттық дәстүр салтынсыз.
Бұл әдетің надандық
Арсыз пенде намыссыз.
Өмірдің мәні өзгеру,
Күнәні өртеп меңгеру.
Тазартып ескі «рұқ»-ыңды,
Зейнетін бойды теңгеру.
Жан дүнием мадақтайды Иені,
Құтқарушы Құдайымның өзі еді.
Қарапайым күңнің де дәрежесін көтеріп,
Бұдан кейін ұрпақтар мені енді
Бой-дене, ар-намыс дән болар,
Жүрек, бауыр ішкі ағзалар.
Өрісі қуат рухтың жемісі,
Денеден жарық орны бар.
Намысты деп атаймыз,
Рухын елдің қорғаймыз.
Ел билікті даттаймыз,
Кедейлерді жақтаймыз.
Жындылық бар қазақта,
Алған дәстүрін мазаққа.
Ел билеуге құмар боп,
Ақыл айтқан халыққа.
Адасу болса да, адастыру болса да — айып, оны жөндемеу — ол да айып.
Адасуда бар өмірде,
Адастыру әдет боп
Айып болмай елімде,
Салтқа айналды тегінде.
«Ақылыңа айырбаста күлкіңді
Қайтесің сол күлкі деген шіркінді
Бейқам күліп өспеген соң өз басым
Сол күлкіні ұнатпаймын біртүрлі».
*** ****
Қысқа ақыл еркектерде бұл күнгі,
Жас баладай әдет қылған күлкіні.
ҚЫРДА ӨСЕР ГҮЛДIҢ БӘРI ӘДЕМI,
ТАМАША ҒОӢ ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ӘЛЕМI!
*** ****
Қырда өссін, үйде өсір гүлдерді,
Гүлдердің киімдері әдемі.
Құдай өзі киіндіріп гүлдерді,
Қыздарды осылай өсір деп еді.