Өлшеммен бәрін жаратқан,
Дәм тұзың қазақ жарасқан.
Дәм таусылса дүниемен,
Өліммен бәрін ажыратқан.
Өлшеммен бәрін жаратқан,
Дәм тұзың қазақ жарасқан.
Дәм таусылса дүниемен,
Өліммен бәрін ажыратқан.
(Мұқтар Мағауин ағамызға)
Адамзаттың тегі Адам,
Топырақтан жаратылған.
Жер емес пе түпкі анаң,
Жаратылыс тегің болған.
Қанынан ұлттың діл тегі,
Алты жан тұқым дәнегі.
Қыз өріс деген қазақта,
Егіні рұқтың белдегі.
Ел басшы болып Нұрсұлтан,
Өнер, білім қуғызған.
Шаруаның түрлі істерін,
Меңгеріп қуатты ел қылған.
Тастан қашап мүсінін ойғызамыз.
Ескерткіш деп өлілерге қойғызамыз,
Анда-санда той жасап, гүл апарып,
Риза қылдық деп аруағын мәз боламыз.
Өзін-өзі сынаған,
Нақылын алып бабадан.
Текті қазақ қашанда,
Құдайдан жоба сұраған.
Сөз жазамын уәзінмен,
Бабалар өткен ізімен.
Қалдырған өсиет өлеңмен
Құранның жеті үнінен.
Ет етке, сорпа бетке деген қазақ,
Сорпасыз ет қорытылмай қылар азап.
Бек, билері қазақтың кісі болып,
Халық малдан айырмасы болар аз-ақ.
Білімі ақылдан озып тұрған,
Атақ, шен ар-ұжданнан биік болған
Жалынып, жалбарынтып үлкендерін,
Ел билік үш тілге тоқтау салған.
Құдайсыз қурай сынбайды,
Желсіз тірлік болмайды.
От пен су шарпыссып,
Жел туып, ғаламды қозғайды.