«Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз.» (23-17) Бұл аятпен жеті жолдың барлық адамзатқа ортақ тағдырлары мен кітаптарының хабарларын жазылатынын ашық ескертеді. Ал бұл жолдардан хабарлардың түсуін аятта; «Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сонда оларды танисыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес» де» (27-93) ескерткен. Енді аяттардың жеті жол және адамзат істерінің хабарлары болған Құран аяттардың білімдерін жүйелесек; пайғамбарлар тарихынан өнеге; 1000 аят,
Байтасов Т.К. жеке блогы
«Немесе пайғамбарларыңнан, бұрынғы Мұсадан сұраған тәрізді сұрағаларың келе ме? Кім иманын қарсылыққа ауыстырса, расында ол тура жолдан адасқан болады.» (2-108) Кезінде исрайл халқы иман келтіру үшін Мұса пайғамбарымыздан түрлі мұғжизалардың келуін сұрап, елге келген азап, апаттардан кейін иман келтірдік, яғни берілген ескерту, насихаттарды амалға айналдыруға уәде беріп, ал жеңілдік келгеннен кейін қайта ұмытып, соңында тұр тауының үстерінде қараңғы бұлт болып келіп, тәңір даусын естіп, қорқыныштан түгелдей иманға яғни тәурат намаздарын орындауға келіскен. Ал, кейбіреулері; «Құдайыңды бізге көрсет» деп те шарт қойған екен. Сол шартты орындау үшін 70 пендені таңдап алып, тауға апарып, кенеттен тау дірілдеп, жер қозғалып
Азан сөздікте «хабар беру, білдіру» мағынасын білдіреді. Терминге салсақ: парыз намаздардың уақыттарын білдіретін арнайы айтылатын сөздер...» ( Ислам Ғалымхалы 150-бет) деген түсініктермен азанның түсу тарихы қалай оқылатынынан деректер келтіріп және азан туралы Жұма сүресінде ғана ескертілгенін көрсетіп: «Аллаһ (шүкір) аса ұлы, аса асқақ Аллаһтан (шүкірліктен) басқа құдай жоқ. Бамдат (таң) намазында екі рет «Хаййә-әлләл-Фәләх» деген кейін, екі рет «әс-салату хайрун миннән-нәум»
Жалпы діншілер ұғымында; зікір айту дегенді алқа-қотан отырып алып, бас шұлғып немесе әр түрлі жағдайда арап тілінде дұға, аят немесе таспих мадақтарын жабыла жарыса айқайлап өлеңдетіп айтумен, ал кейбір діни топтар құпия зікір деп, іштен дыбыссыз, үнсіз әр түрлі дұғалар мен көп жағдайда куәлік дұғасын; «Лә илләһа илла Алла» деген сөздерді қайталаумен түсіндіреді. Ал негізінен зікір; Алланы еске алу болып, бүкіл құран амалдарын, намаз оқудың, жұманың және намаздарды толық орындаулармен, көркем сөз айту,
Құран түскенге дейін тіл білімнің құпия саласы болған бақсылық істерді меңгеру үшін түрлі дұғаларды, түсініксіз сөздермен мақам жасап, жын-шайтанның арасын ажыратуды емшілік істерін жүргізуде пайдаланған. Ал, негізінен ислам келгеннен кейін ақ-бақсылық тіл білімін меңгеру діннің елшілік істері болып, інжілде көрсеткендей сенімнің жоғары дәрежесіне, әулиелік сатылардың биігіне жеткен сопылар, қарапайым сөзбен-ақ тылсым қуаттарының тілін біліп, бұйрық беру арқылы
Пайғамбарымыздан: «Алла тағала былай деді: Адам баласы заманға налып мені ренжітеді. Ешқайсыңыз заманды сөкпеңіздер, себебі сол заман менмін. Күн мен түнді ауыстырып тұратын тұрған мен. Егер қаласам тоқтатып қоямын.» (587-өсиет) Заман деген әлемдік қозғалыстың білімі. За—даналық, ман—бастапқы екі негізді қозғалыс басы болып,
«Мұхаммед саған биғат қылғандар (қол бергендер) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың құдірет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді.» (48-10) Арап танушы діншілер тілімен биғат жасау, биғат беру пәтуа жасап насихат беру деп түсіндіріледі. Ал негізінен биғат беру аманатқа қиянат жасамауға, Мұхаммед пайғамбарымыздың үмметі қатарында сапқа тұруға, момындықты меңгеруге ата-бабаларымыздан бері жалғасты келе жатқан әдет-ғұрып,
Абай атамыз; «Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек, жомарт құбылмай, Жақсы өмірің бұзылмай, Жас қуатың тозылмай, Жалын жүрек суынбай, Жан біткеннен түңілмей, Жағалай жайлау дәулетің Жасыл шөбі қуармай, Жарқырап жатқан өзенің Жайдақ тартып суалмай, Жайдары жүзің жабылмай, Жайдақтап қашып сабылмай, Жан біткенге жалын жай, Жақсы өліпсің, япырмай!» деген 92-санмен белгілеген астарлы насихатпен «Ж» таңбасына мән беріп,
Негізінен әрбір заманның уақыты ішкі мезгілдік қозғалыстан тұрып, ал заманның толық сипаты 4 мезгілден тұру керек. Ал, әрбір төрт мезгілдің өзара ерекшеліктері болып, ішкі қозғалыстық себептері 3 түрлі себептен тұру шарт. Жалпы бүкіл құлшылық есебі аятта; «..Үш кісі сыбыласа; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…» (58-7) деген аятпен 3;4-және 5;6 сандарымен ғана анықтау керек екенін қатаң ескертумен қатар тек хижра жыл санымен құлшылық істерін қалыптастырған масһаб білімнің жалғандығын да ашық білдіреді.
Жоғарыдағы келтірген әркімнің жаратқан берген несібесі, тағдыр кітабының оқылуын негізінен бірінші басылымдағы (1-ші кітапта) баяндалған Мәшһүр Жүсіп Көпей ұлы атамыздың шайтанның он қашыр, бес есекке жүк артып, базарға апара жатқандағы Ғиса пайғамбарымызға кездесіп, оның 15 түрлі адамзатқа, діншілерге ортақ қылықтардың хикметті баянын құран арқылы 15 сандық үкімдер арқылы жүректің зейнеттелуін білдіретін сырды Абай атамыз да; аян, уахи алу арқылы болатын тағдырдың жазуын, адам баласының істеген ісіне, адал еңбегіне, пиғылына тәуелді екенін ашып көрсетіп, бұл жағдайдың тәпсірін өлеңмен өрнектеп кетіпті.