Әрбір ұлттың, үмметтің сөз құндылығын, тіл-ой тазалығын сақтаушылар; философтар, психологтар, дін ғалымдары, дін имамдары, ақын, жазушы, ақпараттық жүйедегі халыққа  рухани тұрғыда қызметшілердің бәрі шопандар, ой қуатының малдық қуаты қойшылары-шопандар болып табылады. Енді қазақ елінің «Аңыз адам» атты жорналының және оның редакторы Жарылғап Қалыбайдың да түрлі сынақтарға ұшырап жатқанына да бір себеп бары сөзсіз. Сонымен қандай себеп болуы мүмкін деген сауалға жауапты да рухани тұрғыда іздеп көрейік. Бұл жорналға қазақтың негізгі рухани құндылықтарын, салт-дәстүрін, оған тұлға болған кісілерін, тарихын баяндаумен және бұл сұқбатқа өзін білімді деп атаған ойшылдарының бәрі де өз пікірлерін жазып жатқаны да даусыз.

Адамзат баласы мейлі қандай тағдырмен қандай заманда өмір сүргенмен бұрынғы өткен заманның да белгілі бір ақыл-ой қуатын тағдырында қайталауы да хақ. Сонымен бірге өткен заманның күнәлі әрекеттері де тағдырында жазылып мұнан тазаруға да тиісті болмақ. Әрбір адам баласы өз тағдырының өзі қожасы болуы да сөзсіз. Сондықтан мұндай тағдырындағы қайшылықтарды, себептерді меңгеру үшін замандық білімді меңгерумен, құлшылығы арқылы таза ақылдан қуат алумен әрбір пенде мұндай күнәлік, жандық қарсылықтардан, негізделуден өз тағдырын құтқару керек. Мұндай жағдайда дін құлшылығы тәубеге келу деген ұғым бар. Тәубеге келуді Абай атамыз ескерткендей әрбір кемелдік жасқа жеткен өзін-өзі ақылды санаған пенде өзіне-өзі есеп беріп, ақылдың кемелдігіне келгенше өмір сүру барында жинаған ескі әдеттерден, бедел-абыройдан атақ дәреженің, білімділіктің буы арқасындағы өзінен-өзі артық болған, асып-тасыған мінездік ерекшеліктен арылу үшін өз ақылын сынаумен бірге,

Елді рухани тұрғыда күйзеліске апарып соқтыруға немесе түрлі жағдайда шаруашылық, білім саласында ақыл-ой қуатының бөлшектеніп халықтың рухани тұрғыда ұйқысынан оянбай мәңгүрттенуіне апарып соқтыратын жалған ақпараттарды таратып мұны өмір сүру қағидасына, әрекетіне, теріс ақылға айналдыруды «экстремизм» деп атайды. Қазақ билігі мұндай әрекетпен күресуге халықтың қазынасынан мол қаражат бөліп, ал діни тұрғыда масһаб білім мен дін ісі агенттігі айналысып жатқанын және ақпараттық тұрғыда кімге шектеу керек, қандай білімді халыққа тарату керек дегенді де шешуге құқылы бүгінгі таңдағы қазақ руханиятының айқын бейнесі деп атауға да болады.

Әрбір өзін ұлтжандымын, арлы, ұждандымын деп есептейтін адам баласы өз ұрпақтарымыздың, балаларымыздың алдында жауапкершіліктеміз деп түсінеміз және ұрпағымыздың қоғамда өз орнын табуын және олардың өмір сүрген  қоғам өмірінің де дұрыс болуын, еліміздің өзге елдер алдында мәртебесі биік рухани жетілген болуын қалаймыз. Сондықтан мұндай жағдайда замандық шаруашылық, экономикалық даму жарысында кеше ғана бір жүйенің, кеңестік заманның бір орталыққа ғана бағындырылған, өзге елдермен қатыныстар құруға шектелген тәртібінен босаған біздер үшін әлемнің барлық оқиғалары да, даму заңдылықтары да қызық және ерекше тартымды, үлгі алуға тұрарлықтай көрінетіні де сөзсіз.