Еркек рухқа телінген, әйел жанға,
Етке жын, қанға шайтан тазаруға.
Шайтаннан жан, жыннан мінез,
Адам- тегің ақылмен болмақ тұлға.
Еркек рухқа телінген, әйел жанға,
Етке жын, қанға шайтан тазаруға.
Шайтаннан жан, жыннан мінез,
Адам- тегің ақылмен болмақ тұлға.
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6
Сезімнің күйіне елітіп өлең жазбақ,
Ақындық әдет болды ойсыз шатпақ.
Өмірді сынап, көтеріп өзін мақтап,
Жас та бар, қатындар бар «күйін» бақпақ.
Қазақтың даналығында өзін тану білімінің әзірге екі жағдайын ғана қарастырсақ; «Ілім мен білім ортасын ұстамасаң бүлін» деген нақылдың ішкі сырына үңілсек; бұл пайғамбарымыздың; «Намазда, құлшылықта барлық нәрсенің ортасын ұстаныңдар» деген өсиетіне сәйкес мұны мизан деп те атауға болады. Яғни әрбір нәрсені өлшеу үшін де оған қарама-қарсы өлшемін, салмағын да тауып және ол екі арасының қашықтығын, уақытын білумен дәл ортасын да табу керек. Сонымен ілім мен білім дегенімізді қалай түсінеміз? Жалпы жаратылыста 6 түрлі білім бар және 3 сипатты жұбы пары да бар. 6 күндік білім негізін жарық деп барлық нәрсенің ішінде өз жарығы болып оны меңгеруді білім деп атаймыз.
Әр заманның қозғалыс әрекетіне қарай бағзы замандардағы адамдардың қоғамы мен қазіргі таңдағы адамзат қоғамының өмір сүру ерекшелігі болуы сөзсіз. Бұл біздердің тәуелді түрде бағынатын уақыттың жылдамдығына, қуаттық, өрістік түрленуіне байланысты жаратылыстағы барлық қозғалыс егелерінің де қозғалыстық қарекеттік жылдамдықтары да, өрістік сапалары да, қуаттық шамалары да түрленуге түсуіне байланысты адамзаттың құндылықтарының да бағалау шамалары өзгеріске, түрленуге түсіп отырады. Сонымен қандай да бір болмысты заманға қатысты адамның өзінің әрекетінің дұрыстығын, ненің пайда-зиянын, ұяттың шамасы, адамгершілік парыздар мен қарыздардың шамаларын, шектерін т.б. біздің бақытты өмір сүруімзге не қажет, қандай амалды орындау керек деген сияқты бар сауалдарға жауапты да білім мен ілімді де үйренуге керек қуатты, рахаттық қызықтардың пайда-зиянын да, сөздерді ұғыну қабілетін де біздер тек ақыл арқылы анықтап өлшеп ала аламыз.
Барлық жаратылысты жұп және пар қылып жараттым деген жаратушы Иеміздің танымдылық заңдылығы бар. Сондықтан қандай бір болмысты тану үшін осы жұп пен парлық заңды міндетті түрде меңгеру керек. Адам баласына сенім мен иман қасиеттерін меңгеруді бұйырып, осы екі игіліктен бақытты болатынын ескертіп данагөй аталарымыз; «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деп бата берген. Енді бақ адамзаттың сенімімен байланысты және сенімнің ағаш болып, қалай гүлдеп жеміс беруіне қарай бақ құсы қонып, оның қонғанын көрген Қыдыр-иман болып дариды, яғни жүрекке зейнеттеледі екен. Бірақ осы бақ пен қыдырдың қасиетін меңгеру үшін де адам баласы мұның парын меңгеруге яғни өзін-өзі тану, есеюі үшін ақылдың толымдылығы мен естілікті меңгеру керек. Бұл естіліктің жетілуі үшін үш байлық керек; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулық».
Қазіргі таңдағы әлем халқының түрлі азғындыққа түсіп жазылмайтын аурулар мен семіздік және рухани түсініксіз жағдайлармен әлемдегі боып жатқан соғыстар, бүліктер, террориз мен экстремизм атты жағдайлардың бүкілі әлемдік дағдарыстардың да себебі де адамзаттың өмір сүруінің рухани дағдарысқа түсуіне байланысты болып және негізгі себеп дін тазалығының жоғалуынан десек, бұл замандағы білімге сәйкес бұл пәтуаның ақыл болып қабылдануы да екіталай болмақ. Бұған негізгі себеп те сөз құндылығының жоғалуы мен бір ұлт өкілінің өзі бір тілде сөйлегенімен бірін-бірі түсіну қабілетінің жоғалуынан ғана болмақ.
Жалаңаш қызды мақтаған,
Сұлу деп таңдай қақтырған.
Еркектер көп сұлудың,
Сырын ішкі ұқпаған.
(жалғасы 1-5 бөлімдерде)
Тектілікті қазақ ұлтының діл бақшасымен яғни ойшылдық ұғымымен және дәстүрлік әрекет құлшылығымен тікелей байланысты екені де хақ. Сонымен діл бақшасының ғылым түгіл сұқбаттастықта қазақ елінің тегі, ұлттық ерекшелігі тек қазақ тілімен, жазуымен ғана байланысты ма, сөйлеу мәнерімен, үнімен ерекшеленді ме?-деген сауалға осында 5-10 жыл бұрын ғылым тұрғысында жауап беру мүмкін емес еді. Себебі біз дін дегенді намаз оқып, ораза ұстап, зекет беріп, қажылыққа барып келумен өлшедік те тектілігіміздің бір сапасы «намазхан» болып кез-келген ақылы толмаған жас бала құранды жаттап намаз оқып текті болып шыға келді. Ал енді білімді меңгерген көп оқып соның нәтижесінде белгілі бір дәреже-атақты иемденіп, халыққа ақыл айтуға тұрып алса болғаны бұндай пенделердің де қандай амалына қарамай текті де аталуға құқы болып шыға келгені де сөзсіз.
Сөз түсіну, адам болу қиын екен,
Ең оңайы ақылды беру екен.
Шайтандарға дүние мал бере берсең,
Жындыларға жағасың ақылына көне кетсең.
Естідей қылығы бар әдемі қыз,
Сөйлеген сөзі әдемі мәнерлі қыз.
Қиылған қасың, көзің күлімсіреп,
Сүретіңді сыйлап едің әдемі жүз.