Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? (221)Олар әрбір өтірікші күнәкарға түседі. (222) Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші (223) Ақындарға азғындар ереді. (26-224)  «Оларға сыбайластар қостық. Сонда оларға алды-артындағы нәрселерді (жыныс мүшелерін, жыныстық ләзаттарды) әдемі көрсетті. Сондықтан бұлардан бұрын өткен жын адам баласының болған өзге елдерге берілген азап әмірі бұлардың басына да келді. Өйткені олар зиянға ұшыраушылар еді.» (41-25)7

      Жын дегенді діншілердің пайымдауынша адам баласы тек өмір сүру барысында жұқтыратын, табатын кесел, науқас, дерт сияқты түсіндіреді. Ал негізінде жын адам баласының мінезі болып, тағдырдың жазылған жаратылыс кітабы болып, есту, көру, ойлау қабілеттерімен өлшенеді. Енді шайтан адам баласының тілімен яғни ішкі үнімен жын арқылы дауысқа, дыбысқа айналады.

     Жындылықтан құлшылығымызды түзеу арқылы Алланың хикметіне бөленіп, қазақи естілігімізді қалыптастыра аламыз және құдайға шүкір орта буын елге жанашыр ақылы сау қазақтарымыз да барлық салада адал қызмет атқарып, қазағымыздың жыртылғанын жамап, кемісін толтыруға аянбай қызмет жасап жатқандар жеткілікті. Және туғаннан естілік қабілетімен таза кітабымен өмірге келген жастарымыз да көбейіп, небір сау сөздерді үлкендерге үйретіп жатқандарымыз да бар.

      Әрбір сөздің, ұғымның бейнесі, өлшемі және есептік мәні болуы даусыз. Сол сияқты әрбір сөзді бейнелейтін таңбаның да қуаттық өлшемі сол өзі тасымалдап бейнелеп тұратын үннің ыдысы болып, сондықтан таңбалардың да белгілі есептік мәні, бейнесі және көрінбейтін ғайыптық кеңістіктерде тәңірлік сипаты болуы да даусыз. Және бұл қуаттардың жұп, тақ мәндерімен өзара пар болып түзілуінен белгілі мақсаттағы қозғалыс егелері яғни періштелер пайда болады.

     Бір күні Пайғамбарымыз  үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы  хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» — деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және  ата-анаға  қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі – жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. Әбу Бәкірден өсиет; 1119(2654)

      «(Мұхаммед): «Әй адам баласы! Менің дінімнен күдікте болсаңдар. Ал мен, сендердің Алладан өзге табынғандарыңа табынбаймын; бірақ сендерді өлтіретін Аллаға құлшылық қыламын және иман келтірушілерден болуға бұйырылдым» де.» (10-104) Бұл аяттың астарына үңілсек; Табыну-өлтіретін Аллаға яғни тәңірлік сипаттарға табынып, құлшылық істеріне берілген бұйрықтарды толық орындау болып саналады. Аятта; «Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар.» (29-17)

      «Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық. (26) Жындарды (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік.» (15-27) Бұл аяттан адамдық негіз сүйекке байланысты болса, жынның негізі түтінсіз оттың жалынынан, сүйектер қалыптасудан бұрын пайда болатын еттердің негізін құрап; қозғалыс, қимыл қуаттары болып табылатын табиғат жаратылыс әлемдерінен, жан-жануарлар және адамдар тіршілігі нәтижесінде пайда болған шеріктердің, яғни қимыл егелерінің жиынтығы деп түсінгеніміз абзал.

     Бірде жұма намазының алдында жұма намазын тастамайтын ешкіммен көп араласпай көп сөйлемейтін, өзімен-өзі тек намазын оқып зікірін айтып жүретін үлкен қария кісімен оңаша кездесіп қалып, қажылық туралы әңгіме қозғалып, сонан мен ол кісіге; Көп уайымдамаңыз, сіздердей адамдардың Алла Тағала Меккеге бармай-ақ жанын апарып қажылығын қабыл қылады-деп жұбаттым. Сонда ол; Оны қайдан білесің?-деген сұрақ қойды.

     Жоғарыда негізгі шайтан адамының көрінісінен Абай, Шәкәрім атамыздың суреттеуінен мағлұмат бердік. Енді күнделікті өмірде біздің ғылым, білім өркендеген заманымызда жаңа түрленген жасырын бейнелерін көрсете кетсек. Шайтан адамдары ең қарапайым шаруадан бастап жоғары ел басқарушы және ақпарат орталықтарында, жазушы, ақын, кино, заң, дін, ағарту салаларында мыңдап қызмет жасап жүр десек өтірікші бола алмаймыз.

      Пайғамбарымыздан: «Алла Тағала әлдекімге дұрыс әйел нәсіп етсе, расында оған діннің жартысындай көмек еткен болады. Қалған жартысында Алладан қорықсын, өзін қорғасын. (9-өсиет) «Дүние бір пайдаланатын нәрсе, оның ең жақсысы әйел» (7-ші өсиет) «Дүние барлықпен болады, одан ең қайырлы барлығы, еріне ақиретке байланысты көмек еткен қатын. Әйелі болмаған ер міскіннің міскіні, сондай-ақ ері болмаған әйел де сорлының сорлысы.» (4-өсиет) «4 қасиет бар, бұлар кімге берілген болса, оған дүние, ақиреттің жақсылығы берілген болады: Шүкірлік еткен жүрек, зікір еткен тіл, пәлеге сабыр еткен тұлға және еріне, малына (әурет, тәніне) қиянат етпеген қатын». (11-өсиет) «Қатын көрінуге болмайтын ұятты нәрсе, сондықтан тысқа шыққанда шайтан оның соңына түседі». (3-өсиет) «Ұят пен иман бір жерде.