«Тәпсірші деген атақ бар, Тура айтсаң молда қақақтар, Ой-жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар.» «Білмеймн» деген иман ба? Ол ақылға сыйған ба? Айтудан ақыл тыйған ба? Жасырады иманын. Философ сөзін оқыдым, Талайын ойға тоқыдым. Кітабын да көргенмін, Әулиеменен сопының. Бәрін де сынға салғанмын Керектісін алғанмын. Ашып, алып тастадым Тал басының қотырын. Саяз ақыл бас ұрған, Мақтауын көктен асырған Жаба тоқып жасырған Талайдың жардым шиқанын. Ақылдан адас қалмаймын, Дәлелсіз сөзді алмаймын. Бос жетекке бармаймын Көтермеймін қиқаңын!» (Шәкәрім ғалым-сопы)

     Інжіл жазбасынан елшілерге арнау; «Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар. Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленсеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болғандықтарың. Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер бағынуымыз керек емес пе?

      «Әуел баста сөз болатын. Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз — өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Жоханнан. 1 тарау 1-5) Құдайдан қорқу деген ұғымды намаз оқу немесе бір діни рәсімдерді орындау деп түсіндіреді діншілердің философиялық ойлау әдістерінде.

     Аллаға құлшылық немесе Бір Аллаға құлшылық, Құдайға құлшылық деген сөздердің түп мағынасы адам баласының нанымынан яғни жаратылыстың сырын, өлімнің хақтығын және сол өлімді құдайдан болатындығын, өлім себептерін түсініп; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп білуіміз қазақтың бұрынғы аталарымыз білген наным-біліміміз болып табылады. Енді ақылымыз ғылым-білімді меңгеру арқылы өлім себептерімен күресуді,

    «Оқуың, дінің, дағдың көп, Не бір білгіш айтқан деп, Кетпесін сол жетелеп, Жарамас өйтіп ой көму. Ақылыңа ұстат қол, Тура апарар сені сол. Жардың жолы қиын жол: Шытырман тоғай, қалың ну!» ( Хазіреті Шәкәрім сопы)

«Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген

    «Мұхаммед сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағандарымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет» (35-32) 35-кітап 45 аяттан тұратын елшілік құраны Мұхаммед пайғамбарымызға уахи-батамен берілген кітапты яғни пайғамбарымызға берілген құранның насихатын түсіндіретін ғылым кітабын пайғамбарымыз өмірден өткеннен кейін де тура жолды көрсететін кітап болып,

       Қазақ еліне келген құранда арнаулы кітаптармен көрсетілген пайғамбарларымыз; Һұд, Юныс, Юсып, Ыбырайым, және Лұқман елші болып 31,14,12,11,10-сүрелер біздердің ата-бабаларымыздың шежіресі мен дінінің негіздері болып есептеледі. Қазақ елі үшін әуелі 31-сүре қырыққа толған даналықтан оң бағытқа қарай тура жолдың нәтижесі Бақара сүресіне жалғанамыз. Бірақ оның да адам баласының білімділігі, қасиеттілігі және туғаннан берілген кітап сандарына қарай белгілі жүретін жолдары бар.

      Алдыңғы бір «Ғылым берілу мен ғалым болу» деген басылымда ғалымдықтың қазақ жерінде көріністеріне тоқталып өткенмін. Енді құран арқылы аз ғана мағлұмат алып көрейік. Әрбір жаратқан пендесіне жаратушымыз 4 сөзбен кітабын, әлемнің жарығын беріп сол кітаптар арқылы тағдыр кітабын қоса меңгеруді үкім еткен де ол кітапты «Бол» деген 3 кітаптан тұратынын және жерге қайта кіргенше сол кітабымыз арқылы тіршілік несібеміз берілетінін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Бұл құпия кітапты адам баласының жанына рухпен жазылатынын;

     Абай атамыз;«Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл (ақыл-ой) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақтың білдіретінін) хақтан (Алла достары) біліп, Көшелі өнер иесін (қасиет қонған) жүрсе жақтап. Ниетің түзу болса сенің аппақ, Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ, Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп, Ғылым өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.» Шәкәрім атамыз; «Пәлесіне дүниенің Күні-түні сабыр қыл. Таза болса мақсатың, Ақыры қолың жетер біл. Көңіл жібі (аян, уахи, кітапқа жалғану) қолымнан Шықты, көңіл тазалар, Талай сырым жасырған Болды міне, елге жар. Шыр айналған он күн (аруақ), біл: Айла сиқыр, жалын шоқ. Достым, досқа (әулиеге) достық қыл, Өмір өтсе уақыт жоқ…Балауыз қылса тасты ұстап, Ондай достан шегінбе. Тұла бойды билеп ап, (аруағы) Шамша жағар тегінде. Жылы сөз бен тәтті тіл (құран бағыштау) Өмір берер өлгенге. Аяқшы оны хабар қыл, Пір-сопылар келгенде… Қуаныш қыл рахатта, Қайғысыз бол іш шарап. Құранды оқып, ел аулап, Тұзақ құрма сен бірақ.»

                    Байтасов  Тоқберген  Кескірұлы.                                          

Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар

                                3-ші кітап

                                      Алматы-2011

Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!