Дін ғалымдары дін туралы сөз қозғағанда діл ұғымын жиі пайдаланып бірақ оның қандай шамамен өлшенетінін өздері де білмейді. Сондықтан діл ұғымын халық намаз оқу, сәжде жасау деп түсіну қалыптасып үлгірді. Дін негізінен еркектерден ғана елшілер тағайындалып үкімдерін қорғап сақтауды бұйырылған болса, әйелдерге түсірілген міндеттеген парыздар мен үкімдер және соған байланысты әр халықтың ішкі әдет-ғұрыптары болып қалыптасқан дүние тіршілігінен байланысты ұстанымдар діл болып есептеледі.

     Атымдайдай жомарт болып, нәпсінің жомарттығына қалай жету мен жуандық пен зұлымдықты өлтіретін кереметті әулиенің қалай батасын алуға болатынын алдағы басылымға қалдырып, енді пайғамбарымыздың; «барлық құлшылықтың ортасын табыңдар» деген өсиетін үлгіге алып иман гүлінің ортасы махаббатың негізі — сөз сұлулығы мен үн сұлулығына жеке тоқтала кетейік.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Сыртқы сансыз адам баласының қажетін өтеу үшін қызметке тұрған жаратылыс нәрселерінің біздерге өз заманымызға сай ғана белгілерінен аз ғана хабарды дінімізді жетілдіру барысында Раббымыздың көрсетуімен, пайғамбарлар өсиеттері және кітаптарымен салыстырып қана мағлұмат аламыз. Сондықтан екі аралықтағы, көктегі сыртқы жаратылыс егелерінің адам тәніне, жанына әсерлерін зерттеу бүкіл әлем ғалымдарының ортақ ісі және өзара пікір таластар арқылы ғылыммен жүйелейтін де уақыт жеткен сияқты.

    «Жаралыс басы — қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс..» (Шәкәрім ата) Бүкіл жанды жаратылыс сөзден бастап жаратылды десек, онда осы жаратылыс басын, қозғалыс қуатын Тәңір деп атаймыз. Қозғалыс бар жерде сол қозғалыс егелерінің де сипаты айқын болмақ. Аятта; «Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.» (64-13) Бұл аяттан Алланың барлығы, қандай да бір сипатта болмасын жарық, қараңғылық, ыстық, суық, қатты, жұмсақ, ақ, қара, көрнеу, көмес, т.б. мейлі бір қандай бейнеде болсын барлық сипаты яғни бүкіл жаратылыс қозғалысын тәңір деп тәуекел етіп яғни нануымыз керек.

      Жаратылыстан адам баласына тіршілік ету барысындағы өнімін, көлеңкесін, ақылын жолдас қылып, яғни серігін қоса жаратып, оны құлшылық әрекеттеріне қарай таза ақылмен, іс әрекеттермен, өнер-біліммен толықтырып отыруды адам баласының ниетіне қарай несібе қылып дінін көрсетіп, біліміне қарай азғындап кетпеуі үшін жеке-жеке нұсқаулар беріп; жамандығын түспен көрсетіп, жақсылықтарын аянмен құпиялап, ілім-білімін толықтыруға батамен, уахимен бағыт сілтеп, әрбір адам баласын өз дін-жанын жетілдіріп отыруға міндеттеген.

      Алдыңғы басылымда айтылғандай әрбір пенденің дін-жаны болып соған байланысты қабілет, қасиет ерекшеліктерімен туылса «Өзін тусам да мінезін туғаным жоқ» деп әжелеріміздің айтқанындай, адам баласымен бірге ана сүтімен ділдік белгісі, сөз сөйлеу қабілеті қоса жаратылады. Сол қасиетті тәрбие тәлім, білімге байланысты жетілдіруге немесе қайта хайуанға ұқсатуда адам баласының ата-ананың, қоғамның ара қатынасына, өмір сүру тәртібіне, салт-дәстүріне тәуелді жетіліп өніп-өсіп өркендейді.

      Пайғамбарымызға да жаратушымыздан «Мұхаммед саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың. Бірақ Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу, көместі біледі.» (87-6,7) «(Мұхаммедке) өлең үйретпедік әрі оған, ол лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана» (36-69) Құран аяттары адам баласында өрістік сипаттарда мал болып бейнелетінін, сондықтан өлеңге айналдырып, есепсіз жаттауға болмайтынын ескертіпті аяттарда.

    «Алла тағалаға сиын. Айтқан сөзің, істеген ісің Алла тағалаға ұнайтын болсын…жұртқа ұнайтын мәміледе (таза сөйлеуші) бол, сонда сен де жұртқа ұнарсың. Жұртқа жақпайтын іс істеме.» (129) «Шын сөз Алла тағаланың кітабында. Тура жол — сенімді сөз. Ибраһим Халилла ұлтынан (ар мен ғұндар, номадтар) құрметті ұлт жоқ…Білімнің жақсысы — пайдалысы, әділет жолымен жүру. Көз әлсіздігінен, көңіл әлсіздігінен, көңіл соқырлығы жаман… Қателердің қатесі өтірік сөйлеу. Байлықтың үлкені — ой өрісінің кеңдігі…Біреуден естіген сөздің мағынасын өзгертіп айту жаман нәрсе…»(184) «Алла тағала үмметтерім үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады. (Үнді кеңітіп, сөз ұғымын ашады)» (198).

«Тәпсірші деген атақ бар, Ой жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар» (Шәкәрім ата)

      Абай атамыз құранды тәпсірлегенде астарлы сырлармен қарапайым қазақ өмір, тіршілік-тынысы мен бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді бейнелеп шықса, ал Шәкәрім атамыз дін ұстану мен өмір қамындағы нақты жан сырын ашып көрсете білген. Тек біздің Абай, Шәкәрім танушыларымыз басын біріктіре алмай жеке-жеке таныған ғалымдықтарынан нақты ішкі сырын аша алмаған. Екінші бір себеп, бұрын қандай бір ғалым және ишан, сопы, хазіреттер болсын бір жоғарғы дәрежедегі жақсымен, әулиемен өздерін салыстыра отыра, атақ, дәрежесін, орнын белгілесе, қазіргі таңда өздерін кіммен салыстырып жақсы, ғалым, хазірет-шейх аталғанын ешкім білмейді.

     «Расында Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаларды тірі қалдырмаған кезде адамдар білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады» (85-100) Адам баласының нанымы сол замандағы ғылым-білімнің, философиялық ойшылдықтың нәтижесіне байланысты болса, ал ішкі рухани тұрақтылығы мен сенімі дін ғылымдарының пәтуасы мен ілімдерінің жетістігіне тәуелді болады.