Негізінен әрбір заманның уақыты ішкі мезгілдік қозғалыстан тұрып, ал заманның толық сипаты 4 мезгілден тұру керек. Ал, әрбір төрт мезгілдің өзара ерекшеліктері болып, ішкі қозғалыстық себептері 3 түрлі себептен тұру шарт. Жалпы бүкіл құлшылық есебі аятта; «..Үш кісі сыбыласа; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…» (58-7) деген аятпен 3;4-және 5;6 сандарымен ғана анықтау керек екенін қатаң ескертумен қатар тек хижра жыл санымен құлшылық істерін қалыптастырған масһаб білімнің жалғандығын да ашық білдіреді.
Автор: Тоқберген Байтасов
Жоғарыдағы келтірген әркімнің жаратқан берген несібесі, тағдыр кітабының оқылуын негізінен бірінші басылымдағы (1-ші кітапта) баяндалған Мәшһүр Жүсіп Көпей ұлы атамыздың шайтанның он қашыр, бес есекке жүк артып, базарға апара жатқандағы Ғиса пайғамбарымызға кездесіп, оның 15 түрлі адамзатқа, діншілерге ортақ қылықтардың хикметті баянын құран арқылы 15 сандық үкімдер арқылы жүректің зейнеттелуін білдіретін сырды Абай атамыз да; аян, уахи алу арқылы болатын тағдырдың жазуын, адам баласының істеген ісіне, адал еңбегіне, пиғылына тәуелді екенін ашып көрсетіп, бұл жағдайдың тәпсірін өлеңмен өрнектеп кетіпті.
Әрбір уахи болып айтылған, түсірілген аяттардың бата болып бір перденің артқы жағынан (уақыттың төменгі жиілігінен) көкейге салынып оқылған батаның, сөздің де мұғжизасы, хикметтердің де түбінде құпиясы белгілі болып, білімі, өлшемі негізделіп, адамзаттың игілігіне айналып және соған қарсы күнәлардың да қарсы кері әсері, түнектік күштердің де жетіліп отыруы даусыз тарихы шындық.
Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман заманында бір патша өзінің ұлын ғалымдардың тәрбиесіне беріп, жасы он алтыға келгенінде еліндегі игі жақсыларды шақырып, әр түрлі ғылымнан хабары бар ғалымдардың алдында шаһзадаға әртүрлі сұрау беріңдер деп бұйрық береді. Осы жасының ішінде көп ғылымды үйренген баласы, сарайға кіріп келіп әкесінің қолын сүйіп, айналасындағыларға иліп сәлем беріпті. Соны көрген патша: -*Арыстанның баласы өзінен кіші жыртқыштарға бас имейді. Сіз қалай ғана менің қолымды сүйіп, көпке иіліп тағзым еттіңіз?-деді. – *Мен сол арыстандығымнан қолдарыңды сүйіп тұрмын.
«Бір күні бір дін ғұламасы хазіретті шейхқа бір күнәкар пенде келіп; -О, шайхы тахсыр! Мен бұл жалғанда күнәға белшеден батқан адаммын… Енді менің күнәмды жууыма көмектесіп, кешіруге жаратқанға дұға жаса,-дейді салған жерден. Ол; -Сенің жүрегің суы арам-лайсаң бес арық келіп құятын тоған сияқты. Сол арықтар тоған суын әбден бүлдіріп лайланған, енді оның арам суын ағызып жіберіп қана тазартуға болады. Олар; жамандық пен жауыздық әкелетін күнәнің көзі. Бірінші арық-ол сенің жанарың. Сен зинақор көзіңмен мұсылман әйелдеріне сұқтана қарама. Екінші арық-сенің аузың. Ораза тұтып, намаз оқысаң, сен Алла жанына жағасың. Тыйым салынған нәрсені ішпе де жеме. Үшінші арық-сенің ақыл-санаң, соның айтуымен әділетсіз де озбыр, менмен де өзімшіл болып барасың. Төртінші арық- сенің аяғың, ол сені кесірлі теріс жолға зинахана мен сауық-сайран орындарына және шарапханаға апарады. Бесінші арық-дүниедегі бар өсек-өтірік пен ғайбат сөздерді құйып алатын мына құлағың.
Байтасов Тоқберген Кескірұлы.
Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
4-ші кітап
Алматы-2011
Бабалар өткен сара жол Ата жолы — «Алла жолы»!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тартқанын айт! Елдігін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауыздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті қастерлі білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт!
Сенімді кейде наныммен шатастырып алып ескіліктің қалдығы деп жатамыз. Наным тарихи оқиғалардың кейбір қиындықтарды жеңу, күресу барысында қалған әдеттердің көрінісі. Орнымен пайдаланса қайғы-қасіреттерден айналып өтуге болатын жеңілдіктермен, орынсыз пайдаланса керісінше болуы да ғажап емес. Наным ақылдың қатысуымен ғана нәтижесін береді. Сондықтан наным жалпы халықтың дін тарихынан хабар береді.
Бірінші басылымда Аллаға құлшылық жасамайтын жаратылыс жан иесі болмайтынын, сондықтан құлшылықтан барып ғибадаттың, ал ғибадаттан намаздың пайда болатынын ескерттік. Сондықтан құлшылықты, ғибадатты, намазды; жалпылай Аллаға құлшылық деп атасақ жаңылыспаймыз. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі өскен ортасы, ата-анасынан алған тәрбиесі мен алған білімі, тіршілік ортасының ұжымдық өмір тәрбиесінен байланысты белгілі бір нанымы қалыптасып сол нанымынан жаратылыс себептерін, өлім мен өмірдің арасындағы мақсатты істеріне
«Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл…» деп Абай атамыз жаннатқа апарар хақтың жолына түсу үшін әуелі иман гүлін-нанымын өсіруді ескертіпті де «Мақсұт» атты қиссамен адам баласының түп мақсатын астарлап көрсетіпті. Мақсұт-талап; үш гүлдің үш түрлі сипаты болып және оның өсетін жерін және қайдан алуын білгіңіз келсе; «…Барса, тамда (зират) бір гүл тұр солқылдаған, Басында үш жеміс бар былқылдаған; Бірі – ақ, бірі – қызыл, бірі – сары, -Таңдап ал, мен берейін бірін саған. Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар, Егер де қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.»
Адам баласына ортақ үнемі 4-ші болып немесе алтыншы болып түгелденіп тұратын, артығын жонып, кемісін толтырып тұратын іштен өсіп-өніп азығын, тамағын сырттан салатын «ЕС» деген ұғым бар. Төрт өлшемнің яғни мизамның, таразының кірі, салмағы. Төртпен өлшеп бесті алмасаң, бесінші қашанда қауіпті, пайдасы мен зияны қатар болады. Абай атамыз; «Өлшеуін білмеген нәрсенің боғы шығады» деп бекер ескертпеген. Сондықтан төртеуді түгелдеп отыру үшін үнемі бесінші ортасын тауып отыру шарт. Оған Мысырдағы төрт мұнара жаратқаннан белгі.