Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мінәжаты уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы… Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?..Мақтан қуған, мал құмар нені ұға алсын, Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап…Ынсап, ұят, ар намыс, сабыр талап-Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап…Су жұғар ма, Сөз ұғар ма, Сыпыра жылмаң желбуаз? Айтты –көндім, Алды-бердім, Ендің өкіндім-өзіме аз.» деп Абай атамыздың ескерткен қазіргі таңдағы ой мен тілдің арасы екі өзеннің жағасына айналды. Ортасында ескексіз қайық мінген, біресе ойға, біресі тілдің қырына жүзген қазақ атты ел келеміз. Жоғарыда бұл мәселеге аз ғана мысал беріп кетсек енді мешіттің құтпа оқыған дін ғұламалары біздерге пайғамбарларымыз бен нәбилердің мұң-зарын қалай түсіндіріп жүр екен, әзірше аз ғана мысалдар бере кетейік.

Жоғарыда басылым басында ескерткендей бұл басылымның мақсаты да ниетіміз де қазақ арасында дау туғызу емес, керісінше бірлесудің және елімізге келген жаратқаннан діни сынақтардан шығынсыз аман-есен өтіп «жүзге бөлінгеннің жүзі құрсын» деген дін қандастықтың бауырмалдық сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оған керекті басты шарт тек ғылым-білімнің жолы, діни сауаттылықпен халықтың көкірек көзін ашу. Ал, діни немесе басқалай философиялық, психологиялық, шығырмашылық, түрлі өнер ғалымдықтарының негізгі шарттарының бірі пайғамбар өсиеттерінің (хадистерінің) түсінігін осы заман білім ғылымының түсінігіне, шаруашылық әдістеріне пайдалы, пайдасыз жақтарын анықтаумен адамзаттың парасатын жетілдіру, заман талабымен сәйкестендірумен анықталады. Ал біздің негізгі тәрбие бастауымыз дін ғылымымыздың пікірлері бойынша барлық мәдениет парасатымыздың өркендеуін 10 ғасырдан да бұрын ислам ғылымдары біздерге көрсетіп бергенге ұқсайды. Мысалдар мен дәлелдерге жүгінсек; «Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай хадистің сахих, ал қайсысының әлсіз екені де белгілі. Олай болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жоқ дейтін түсінік мүлде дұрыс емес. Біріншіден «фиқһта тек қана сахих хадистермен емес, кейде әлсіз хадистермен де амал етеді.» ( Дін мен Діл;21-бет).

«Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адам жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқыған адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады...». «Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрылымына ие болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр түрлі үкімдер шығарған.» (Ислам ғалымхалі. 27-бет) «Сондықтан кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.» (121-бет) … күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірі — күнә, бірі — күпір.» (И. Ғ. 41-бет).

Ақпан айы; Ағынды судың мол болуымен және ауыз судың тапшылығымен, толассыз жауған жауынның да әсерінен халық дүрбелеңге ұшырайды.

Бұл кітап ақиқат бастауы кітабының жалғасы болып, ақ жол және тура жол туралы жаратушымыз Құранда қандай үкімдер берген және «Сәни дәптерді» меңгеріп, жалпы «Яссауи жолының»  айырмашылық ерекшелігін түсіну үшін, Құран аяттарының құпияларын шешу үшін, бабалар батасымен және берілген аяндармен бағдар алып, «Сәни дәптерді» негізге ала отырып, танымал болған ғылымнан дәлелдер келтіріп, болмыспен жүйелеп оқырманға Құран ғылымының құпияларын талқыға ұсынамын.

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

«Құранды, олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік» (Нахыл-64).

Осы үшеуінің бірлігі ауызды құрайды Ауыз – мен. «Аузына  келгенді сөйлеу — наданның ісі. Аузына түскенді жеу — хайуанның ісі» дегендей іс, нәтиже белгісі ерін. Ол сенің  өткен өміріңнің белгісі және де болашаққа бағдарлама. Еркеліктің де, кенжеліктің де, адамдық, хайуандық істердің де белгісі ерін болып табылады.

      «Мен сендерге екі көз, екі құлақ, екі ерін, бір тіл жараттым» деп жаратушымыз «Сонда да түсінбейсіңдер ме?» деп тілді, ана тілін құрметтеу үкім етілген және түсінік тек ана тілі арқылы қалыптасатынын ескертеді. «Раббыларынан қорқыңдар және ол күні әр емізушінің ұмытқанын және буаз жәндіктің іш тастағанын көресің».

         Өлшем — өмір зандылығы. Жаратушымыз: «Мен сендерге мизанды есепті түсірдім,  ең үлкен есепші Алла» – деп  ескерткен. Өлшеуді кемітпеуді ескерткен. Өлшеу үшін есептей білу керек. Сондықтан да есеп білмегеннің есесі кетер әрқашанда.

 1. Жалпы құран сүрелерінің есептік орны белгіленген. Ашық мағыналы сүрелер мен жабық мағыналы сүрелер болып кезекті, кезексіз ауысып отырады. Әр сүренің алдыңғы үш аятты сол сүренің бастауыш, баяндауыш, толықтауыш қызметтерін атқарады. Сол аяттарға қарап сол сүрелердің жалпы тақырыбын анықтауға болады. Сондықтан сүре атына ерекше мән беріп есеп жүйесін сүре атынан бастау керек.