Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Жарандар баһра ала алмас.
Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ…
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Жарандар баһра ала алмас.
Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ…
Жалпы әлемнің алғашқы жаратылу кезеңінен бастап адам және оның жер бетіндегі қызметі құран аяттарында толық қамтылған. Жалпы әлемнің, ғарыш әлемінің, дүниенің пайда болуы туралы ілімді, құран аяттарының сырын зерттеген ғұламалар еңбегі жеткілікті. Бұл үлкен уақыт аралығын алып жатқан тарихи дәуірде қамтылған жаратылыстар, жұлдызды аспан, күн жүйесі, жер бетіндегі өмір, аспан құбылыстары қазіргі ғылымда екі бөлікте қарастырылады.
Кеңістік – ғылым мен философияның, дін ғұламаларының даулы мәселелерінің бірі. Өйткені кеңістік ұғымы материяның ұғымымен тығыз байланысты. Сондықтан осы кезге дейін материядан, заттан тыс бос кеңістік бола ма? Немесе кеңістік әрқашанда материямен сабақтас бола ма? – деген сауалдар туындаған. Ислам ғалымдары Имам Раббани, Мұхиддин Араби, Мевлани Жәми; «Адам тек ақыл көзімен ғана анықтап,
(Мұхаммед.Ғ.С) «Оларға сендер жерді екі күнде жаратқанға қарсы келесіңдер ме? Сондай-ақ оларға теңеулер жасайсыңдар ма?, бұл бүкіл әлемнің Раббы» де (9).
Жерге үстіне асқар таулар жаратты да құт-береке қойып, жер жүзгіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сұраулар үшін тура жауап (10).
Сиқырлы сандар әлеміне саяхат жасаған ғұламалар жеткілікті жер жүзінде. Негізі Тәураттан, Забурдан, Библиядан тарап Құранмен негізделеді. Тіл – дыбыс үндестігі. Дыбыс — сан. Оған қазіргі заманда таң қалдыру қиын. Сіздің ұялы «телефондағы» дыбысыңыз дереу сандарға айналып жер әлемінің екінші шетінде оны естіп, көріп отыра береді.
Жалпы жалғыздық құдайға ғана жарасады. Сондықтан «мен бәрін жұп қылып жараттым» деген аятта. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды. Салт басты, сабау қамшы болмай сыңарыңды ізде, тұрағың болсын – үй бол, ұраның болсын – ұрпақ өсір!- деген атам қазақ. Егіз, жұп, жар деген сөздер 2-ге байланысты айтылады.
Төрт саны әлемдік жұп, Құран бойынша ол Алладан келетін мезгіл белгісі. Барлық айқын болуға тиісті нәрсе болсын немесе сөз болсын 4 белгісі шарт. Біздің өмір сүрген әлем қабығының тербеліс саны айына 4 рет ауысады. Дүниенің төрт бұрышы бар деген. Ол ақиқат. Жоғарғыда ескерткендей жер әлемі қиямет мезгілінде экватордан бүктеледі, сонда екі төменгі – жоғарғы нүктелер түйістіргенде әлем төрт бұрышқа айналады.
Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
«Мұсаға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды». «Күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық» деп сыбырласады. (Таһа – 103).
Отыз үш мың шариғатта қайран болып,
Отыз үш мың шариғатта сайран болып,
Отыз үш мың хақиқатқа қайран болып,