«Және ол, сендерді бір-ақ кісіден жаратқан. Сендерге уақытша орын тұрақ бар. Расында ұғатын қауымға аяттарымызды ашықтан ашық баян еттік». (Әнғам -98) Сол тұратын орынды бақша деп атаған Құранда.

     «Әркім өлімді татады. Сендерді сынап, жаман жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар (19) Әрине оларды  да аталарын да  ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық» (Әнбия-44). Жаратылған нәрселердің бәрі бір жағдайдан бір жағдайға өтеді деп ескертеді жаратушымыз, сол өткелді өлім деп атаймыз.

    «Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерің де,  оның белгілерінен. Күдіксіз  бұларда тыңдаған  қауым үшін  белгілер бар (Рұм – 23). Кеңшілік деп көрінбейтін өмір жиілігінен несібе жинауды ескертеді, яғни ұйқы кезінде есту қасиетінің тазарудан өтіп, есеп беріп отырады.

     Ұйқы, ұзақ ұйқы, естен тану белгілерінің бәрі кіші өлім деп аталып, ал жанның толық шығу болмысын Ажал деп атайды. Ажалдың белгілеген орындаушысы бар. Және сипаттары да адамзат тіршілік ету нәтижесіне байланысты болатын құбылыс. «Ақыры олардың әрбіріне өлім келген сәтте – Раббым! Мені дүниеге қайтар!

          Тозақ туралы қай халықтың да дін таратушы мейлі ғұлама, мейлі молдалардың түсіндіруінше ол ғайып белгісіз бізге көрінбейді, бір жұмбақ болмыс болып түсіндіріледі. Ал шындығында құранда солай ма?

      «Ол сондай Алла  жер жүзіндегі барлық нәрселерді  сендер үшін  жаратты.  Сонан кейін  аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп  тәртіптеді.  Ол әр нәрсені толық білуші» (Бақара – 29)«Әй, адам баласы! Сөз жоқ Алланың  уәдесі хақ. Ендеше  дүние  тіршілігі  сендерді әсте  алдамасын.  Сондай-ақ аса  алдағыш та сендерді  Алла туралы  алдамасын» (Фатыр – 5).

     «Расында  Алланың қасында  жәндіктің ең  жаманы,  сондай шындықты түсінбейтін саңырау,  сақаулар» (Әнфал – 22). Адам түсінік түйсігі (сезімдер) жан белгісімен бірге жәндіктің ең  жамандарында өмір сүріп тазарудан өтеді. «Сөзсіз Алланың  қасындағы  жәндіктердің ең жаманы  сондай қарсы  болғандар, олар иман  келтірмейді» (Әнфал -55)

     «Өзің білмеген нәрсенің соңынан түспе. Расында құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады» (Ісра – 27). «Кім тура жолда жүрсе,  шын мәнінде өзі үшін  тура жолда жүреді.  Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады.  Ешкім басқаның күнәсін көтермейді» (Ісра – 15). Әрбір пенденің іс-әрекеті және ғибадаттары қасиет белгісі болып жан өрісінде белгілер қалыптасады, сондықтан да адасса тек өзі ғана жауап береді.

    Тұлғалық бітімге тәуелсіз адамның дене түгі 3 түрге бөлінеді. Тықыр жүнді, орта, жүндес болып. Кейбір ерекшеліктеріне қарай қуат белгісіне, тұлғалық малдардың орналасу ерекшеліктеріне қарай денедегі ішкі және жан өрісінің тербеліс жиілігін теңдестіру және тәнге қажетсіз темір қалдықтарын сыртқа шығару қызметін атқарып, сезім жүйелеріне байланысты қызмет те атқарады.