Жалпы қандай адамның санасы сол өзі өмір сүрген ортаға, ұлттық ерекшелік тілге, ұстанған дәстүрге және тәрбиеге тәуелді. Халықтың сана сезімін ашу керек, жетілдіру керек, сол үшін қаражат керек деп сайрап жүрген ақылдылар жеткілікті қазақ елінде. Теледидардан көріп те жүрсіз, айтылып та жатыр. Сол сананың қайда болатынын сезімге, түйсік, ойға қалай немен әсер беріп, қалай ашады толық түсіндіретін ғалымды естіген жоқпыз. Неге бай мемлекеттер ақша бөліп сатып алып саналы мемлекетке айналып бақытты өмір сүре алмай жатыр? Әлде болғысы келмейтін шығар?

       Құран білімі 10-ға бөлініп белгісі адам баласының алақанына жазылған. Адам алақанында 19 буын сүйектен тұрып және 7 сүйекке бекітіліп барлығы 25 санын берсе, екі қолда 50 сүйектен тұрады. Бұл сандық мән құран түсінігі мен насихатының сызықтық белгісі деп қабылдауыңызға болады. Аятта; «Немесе олар: «Құранды өзі жасады» дей ме? Оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар сол сияқты жасама ОН сүре келтіріңдер. (13) Егер шақырғандарың жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.

     Жалпы дін туралы әңгіме басталса көпшілік жағдайда сенім туралы түсінікпен қатар жүреді солай түсінеміз де. Дін туралы түсініктің өзі ғылымнан қашықтағандығы осыдан ғана байқалады. Әрине құлақ үйренгені соншалықты сіз де солай қабылдап сену, сенбеу өз еркімде деп бұл мәселе мемлекет деңгейіне дейін барып, қазір мемлекетіміздің өзі ислам мемлекетіміз деп айтуға, мойындауға европа алдында бағамыз төмендеп кететіндей, тек іштей ғана ислам мемлекеті екенімізді мойындайтын дәрежеге жеттік.

    Қандай бір ауру болсын, қиншылық, т.б сынақтар болсын, міндетті түрде жұбы, пары яғни міндетті түрде жаманшылықтың жеті кілті, жеті тұрақты сипаты, яғни жеті ағайынды болады. Сондықтан ондай бәлекеттерден «Сақтансаң ғана сақтаймын» деген жаратушымыз. Мемлекетімізге сырттан салған гендерлік атты ауру саясатта «демократия» аталса, тіршіліктің нәсілдік, қылықтық, кәсіптік бағытта әйел мен еркекті теңестіру яғни еркіндік деп аталады. 

     Әл қиса ерте замандарда бір ақылды патша өмір сүріпті. Бір күні қарамағындағы екі уәзіріне мынандай жұмбақ тастапты. «Екеуіңді екі елге жансыз қылып жіберем, жеткілікті қаражат беремін, тек сол елдің тілін сөйлеп жан ашыған болып, оларға білім үйретіп, бірақ әйелдерімен немен қызықтырсаңдар да ашына болып, мінездерін өзгертіңдер, сонда әйелдер көрсе қызар қалпын тауып, не берсе де күйеулеріне риза болмайтын, ұстамдылық, төзімділігінен айырылады. Үнемі ол елде шешілмейтін дау туады, бірін тоқтатса, екіншісі туып отырады, даудың басында еркегі емес әйелі жүретін жағдай туғызыңдар! — деп тапсырма берген екен.

      Бүкіл 18 ғалам сөзден ғана жаратылып, сол сөздің алты жағы болып, биіктігі тақ, көлденеңінен жұп болып белгіленген. Сондықтан белгілі дәрежеде қандай бір жаратылған нәрсе келесі бір болмысқа айналарында  белгілі бір тербеліске, жарыққа, иіске, болмаса дыбысқа айналады. Ал ол нәрселер көзге көрінбейтін кеңістікте сөзбен қайта бейнеленгенде сандар жиынтығын құрайды.

       Адам баласының басқа жаратылыс егелерінен шексіз көркем айырмашылығы артын, алдын, бүгінін байқап ойлай білу қабілетінде. Хайуан да ойлайды, бірақ болашағын аңғарып, артын шежіре тарихын білуі мүмкін емес. Сондықтан көру, есту қасиеттерінен жаратылған көп нәрселерден кем болсақ та, есесін оймен, ойшылдықпен толтырамыз. Сол оймен бармайтын жер баспайтын тауымыз жоқ. Бәрінен де жарықтан да, дыбыстан да жүйрік және бәрінен де кемел.

      «Жұмақ әйел затының табаны астында» деп дана аталарымыз өсиеттеп кеткен. Бұл мақал біздің ата салт-дәстүріміздің әйел теңдігін сақтау мен құрметтеудің көрінісі мен жалауы десек те болады. Сондықтан гүлді жұлмауға, гүл өскен жерді себепсіз басып ластамауға тыйым салып отырған. Гүл – ұжмақтың белгісі деп түсінген аталарымыз.

     Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық, жұлыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

     Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

      Надандық негізінде сөзден туындап, пендедегі көрнісі ойлау түсінігі болып қалыптасады. Надандық  әйелде қылықпен, жаман әдеттермен көрінсе, ал еркекте иттік немесе жіңішке әйелдік мінез болып қоғамда тұрақты әдетке айналып, сол әдеттер жиынтығы заң болып бекіп отырады. Негізінен әр халықтың өзіне қоршаған ортаға тән ауруы, әдеті, оған қарсы әдебі қалыптасып отырады. Жер ана да екіге бөлініп, Америка құрлығы ұрғашы болса, біздің өмір сүріп жатқан құрлығымыз еркек жынысты.