Кітап ұғымын зерделесек; Біздердің күнделікті қағазға жазылған ақпараттардан бастап бүкіл жаратылыс нәрселері де кітап болып белгілі бір ұғымдарды жеткізуші болып табылады. Сондықтан ондай кітаптардың санына жету адам баласының ақылына симайды, біз тек негізгі кітаптардан мағлұмат алсақ қана жетіп артады. Адам баласының жаратылып, тіршілік қамында өсіп-өнуі үшін 444 әлемдік жаратылыс кітаптарын жаратып қойған. Оған дәлел «Жаратқан ием 444 рахмет дариясын ағызды» деп ескертеді Ясауи бабамыз. Ал Құран адам біліміне керекті кітаптардың негізгі жиынтығы болып табылады. Негізінен 114 сүрелерден, яғни әлемге түсірген барлық кітаптар жинағының негізі және осы кітаптардан 6236 кіші ішкі сырларын белгілейтін толықтырылып, өзгертіліп, алмастырылып, қосылып отыратын кітаптар пайда болады. Бұл кітаптардың барлық көрнеу және көмес белгісі адам баласының тәнінен және көмес денесінен бейнеленген. Пайғамбарымыздың құранның 7 түрлі үнін меңгергенін есепке алсақ, онда құранның тылсым сырының тағы 6 әлемдік болмыстағы негізгі кітаптық бейнесі болып, барлығы 6+1=7 үндерден тұратын тағы үндестіктер құраны шығады. Онда үндердің ішкі дәрежеленуімен 6236х7=43652 кіші кітаптар болып, екілік жүйеде 20 санымен «Таһа» сүресін яғни кемелденген, жетілген толық адамның бейнесін көрсетеді.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Құран сүрелерін белгілеген аты бар кітаптар негізгі жаратылыс қуаттарының, яғни жарықтың сиымдылығы деп түсінсек, яғни қарапайым түсінікпен жарық көзі (трансформатор) құрылғысының қуаттық күшінің сиымдылығын (ампер) шамасын көрсетеді. Ал сүре ішіндегі аяттар саны және орны осы жарықтың өрістік өлшемін (вольт) көрсетеді. Енді құран сүрелерінің жиынтық қосындысы 6555 санын беріп екілік дәрежеде 21 санымен бүкіл жолдардың үндік белгісін көрсетуін құран сандарының белгілі жүйеге бағынатынын көрсетеді.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Құрандағы әрбір сүре толық кітап болып, сүре ішіндегі аяттар да жеке кіші кітаптар, үгіттер болып негізінен он сүрелер, білімдер жинағының топтамасынан ғана құран насихатын, ғылымын анықтай аламыз. Сонда құран насихаты 11 сатыдан және ішкі 4 қағидадан тұрады. Осы төрт қағида адам баласының жаратқанмен бірігу, яғни құлшылық сырларын қамтитын, сопылық және ақиқатты табуға түсірілетін ұлттық ерекшеліктері бар өз елшілеріне түсіретін кітаптар негізі болып шығады. Демек Алламен тілдесу; аян, уахи, түс және бір перденің ар жағынан жаратқанмен тікелей тілдесу болып, осы 4 негізден кітаптар пайда болады. Олай болса барлық кітаптарды толықтырып, аяттарын алмастырып тұратын тұрақты осы 4 негізгі кітаптарға жинақтарға (Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран) тәуелді. «Егер тәуратты, інжілді білмесеңдер түк емессіңдер» деп аятта ескертуі осы құпияны білдіреді.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдыр үшін күйзелтуші азап бар» (42-21).

 Бұл аяттың үгіті бойынша шариғат Алланың парыз қылып бұйырған үкімдерін іске асыру, яғни намаз орындауға айналдыруды ескертеді. Біздің мұсылманның 5 парызы масһабтық дін ұстанымыздың, шариғат ісінің ережесі деп түсінгеніміз дұрыс. Ал, «Бекіген Алланың шешімі» дегеніміз бұрыннан басқа елдерге көрсетілген жол-жобаларды, яғни тарихат, мағрипат және ақиқаттың шешімдерінің бекігендігін, яғни кітаптарының түсірілгендігін, ол кітаптарды оқыған пайғамбар, әулиелердің болғанын  ескертеді. Олай болса әрбір дәуір, заман өзінің белгілі тарихи оқиғалардың қайталануымен адам қызметінің, шаруашылықтың және табиғат өзгерістерін тудыратыны сөзсіз. Оны енді 1000-жылдық уақытпен қайталануымен 5 реттен қайта қайталанып отырса, ішкі сыры 50, 100, 350 болып ақпараттық тарихи оқиғалардың алмасымы болып отырады.

    Қазақ елінің ойшылдық қасиетінің ғалымдығы да европа кеселіне ұшырап, сондықтан атақты ғалымдарымыздың жазған философиялық еңбектері осы келтірген дін шежіресін, өркендеу тарихын келтіргенмен өздерін діннен, яғни философияның тамырынан бөлекпіз дегеннен өз жазғандарын өздері салыстырып баға бере алмайтын ой кеселіне бүкіл оқыған саясаткер, ел басқарушы азаматтарымыз түгелге жуық «ой тымауымен» сырқаттанған. Сондықтан дін философиясы мен философия білімі өзеннің екі жағында отырып бірінің-бірі айқайын түсінбеген бір ауылдың адамдары сияқты. Сол екі араға сөзбен көпір салуға ниеттенгендіктен кейбір ойларды жан-жағынан және қайта-қайта түрлі көріністермен суреттеп отыруға тура келеді. Сондықтан енді дінші қауымға да арнап аталар ұғымымен жолдарға қарай із салып өтейік;

       «(Мұхаммед) саған шынайы түрде Құранды өзіңнен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсірілгенімен үкім қыл. (Берілген уахи, аян, түс бойынша) Өзіңе келген шындықтан (Аяннан) айырылып олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба (уахимен нұсқау) қойдық. Егер Алла қаласа еді барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда Алла сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа (уахимен тапсырма алуға) жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48)

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман-парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз ақылды еркіне жібермесек, (заңмен шектесек) құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман – парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылмен таныр» дегені қайда қалады?» Дініміздің жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны  (аруақты, рухты) ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, (жетілу, кемелдену, толысу) діннің өзі неден пайда болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат (намаз) не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, кедейлікті жаратқан-құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе-жоқ.»  (28-сөз)

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Ислам дінінің негізгі қағидасы мұсылмандықты меңгеру. Ақылмен иман келтіру. Құранда; «Бедәуилер: «Иман келтірдік» деді. (Мұхаммед) оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» де.» (49-14)  

Олай болса «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі!» деп куәлік беруіміз мұсылмандықтың негізгі шарты болып, қазақ муфтиятының ұсынған «масһабтық», бес парыздық — мұсылмандық шартымен иман жүрекке кіріп зейнеттелмейді, тек мұсылман болып қана аталамыз да аяттың 14-санының мәні де тағы 9 тәубелік амалдарды  орындау керек екенін және ішкі мәнінде 59+14=73 санының құпиясын шешу керек. Ал бұл сандардың құпияларын шешу үшін Құранды арапша ерекше бір кітап деп қарамай, қарапайым тарихи шежіре деп болған оқиғалардың мән-жайын қазақша оймен түсініп оқып көрсеңіз, әлемдегі мұсылман болу тарихы Нұх пайғамбарымыздан, яғни «хұндардан» (ғұндардан) басталады және негізгі қағидасын 71-ші сүремен аяттар шегін белгілеп қойған. Енді Нұх пайғамбарымыздың негізгі дін ұстанымы көк тәңіріне құлшылық ету, барлығын көк тәңірі жаратып басқарып тұрады деп түсіну. Олай болса Ислам мұсылмандықты қалыптастыру діні – тәңір діні! Себебі ислам қағидасы — Бір аллаға құлшылық деп аталса онда; «Алладан басқа Тәңір жоқ!», яғни Бір Тәңіріміз – Алланың  бізге білдірген  құдіретті сипаты.  Сондықтан тәңірлік діндер жаратылыс басында  да исламдық болып, сондықтан діндердің бәрі исламға бірігіп тәңірлік қуат – Бірге оралуы тиіс.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Әрбір жаратылыс нәрселерінің мейлі ол жанды, жансыз болсын белгілі бір кеңістікте бейнеленуімен басталып артынан өсіріп, кеңіп қандай бейнеге айналғанмен түп негізгі таңбасына тәуелді және бағынышты болмақ. Сөздің өзі түрлі тілде үн арқылы таңбаланғанмен түп негізі санға айналып сол санмен ұғымдары өлшеніп отырылуы шарт. Ал сол сияқты діннің де өзіндік таңбасы, яғни мөрі болу шарт. Христиан діні ағаш кресті өздерінің таңбасы ретінде қабылдап, ал сол крест неден қалай пайда болған жаратылыс себептері мен түп негізінің ғылымын анықтаса, сол сияқты әрбір дін белгілі бір таңбалары мен ғылыми шарты, мөрі болса қазіргі таңдағыдай қарама-қайшы пікірлердің бәріне жауап та табылар еді. Қайсысы қай діннен тарайтынын және қай діннің секта немесе жалпы жеке дін болып табылмайтынын білуге де болар еді. Ал секта деп саналып муфтият ғалымдарымен теріске шығарылып, үкіметімізбен қудаланған Ата жолының құран сүресіне байланысты ғылыми  бір мағына ұғымды білдіретін таңбасы, мөрін санмен есептеп сызықтық бейнесінің білімін анықтау әзір ешбір ғалымның да,  дінші теологтың да ойына да кірмеген шаруа.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Ислам елдеріне қарағанда мәдениет пен адамгершілік құндылықтарды сақтаудан және басқалай бүкіл адамзаттың ақылының жетілдіру саласынан да ислам дінін ұстанбайтын елдердің бәрі де іргелі ғылым-білімнен неге әлде қайда озық тұр? Бұл жағдайға негізгі себеп те, олар діннен бөлекпіз дегенмен, негізінен белгілі бір ұлтына сай діннің философиялық тұрақты дінде бағытын ұстанады. Және де философиялық білім міндетті болып табылғаннан кейін, жалпы халық діннен бөлекпіз дегенмен, ал шындығында діни сауатты, ал діннің рәсімдік жоралғыларын орындауда ерікті болып саналады. Көрші Қытай, Азия елдерінде Конфуций философиясы бағытын ұстанғандықтан, халықтың жалпы адамгершілік құндылықтарын сақтап өсіп өркендеуге бірден-бір септігін тигізіп жатқаны сырттай-ақ белгілі жағдай. Шындығында осындай мейлі Кришна, Дао, Конфуций, Христиандык, Тора діндерінің философиялық негіздері ислам дінінің де бір тармақтары болып табылады. Ислам дінінің тура жолының негізгі ой тұжырымдық адамгершілік, ізгілік қағидалары осы діндердің бәрін толық қамтиды. Тек құпиясы да діни рәсімдік жоралғыларын дұрыс орындаған, құран үкімдерінің аяттарының көрсетілуінің шегінен шықпаған жағдайда құдайдан кітап беріліп, әрбір пендесіне қажетті, тиістісін ғана өлшеп беріп тура жолға бағдар беріп отырады. Ал негізінен көпшілік ислам ұстанушы елдер бұл  қағидаларды сақтамай, тек исламның 4 парыз және бесіншіге бір белгісіздік негізін алып және діннің ортасын ойып алып, сонымен ғана тура жолды табамыз деген қағидамен мүлде діннен адасып, негізінен ислам дінін әлемге және есі дұрыс адам баласына тек жек көрінішті етумен ғана айналысады.