Құран осы үш түрлі сипаттан нағыз Алланы «Бір Алланы» тану болып шығады. Демек «Рабб, Тәңір, Құдай» – БІР. БІР- Ғарыш. Немесе Жетілген адам. (Ибн. Араби) Бір — жүрек, егесі жалғыз АЛЛА. Адам баласын үнемі екі жартыдан жарататын БІР бүтінге айналуды бұйырып дінді аманаттаған.
Единица – жақсысы,
Ерген елі бейне көл,
Единица нөлсіз-ақ,
Өз басындық болар сөз,
Единица кеткенде не болады өңшең нөл!

     Қазақ даласының қасиеті қойнындағы байлығында, оның топырағында. Тек бір ғана ұлттың мүддесі емес адамзат баласын арашалап қалу мақсатында өзі үшін емес өзге үшін өмір сүріп артына бағасыз асыл мұраларын қалдырып кеткен Әзірет сұлтан Құл Қожа Ахмет Яссауий, Абай, Шәкәрім, т.б. ақындарымыздың, билеріміздің өлең, өсиеттерін құлаққа сіңіріп, әулие, киелі кемеңгерлеріміздің тылсымнан беріп жатқан өсиеттерін жүрегіне сіңіре отырып

     «(Әй Мұхаммед.) «Егер Алла есту, көру сезімдеріңді алып, жүректеріңді мөрлесе, Алладан басқа сендерге оны әкелетін тәңір кім? Маған білдіріңдер» де7 Қара! Аяттарымызды қандай айырып түсіндіреміз. Одан кейін де олар, одан жүз бұрады.» (Әнғам-46) Мөрдің де ашылу құпиясы (Қара) деген қаратпа сөзде тұр. Алла тағала негізінен адам баласына жаратылыстан сынақ түрінде жүрекке мөр

      Алланың қазақ халқына бергені де көп, түзеліп кетсек берері де көп екен. Бірақ біз сол байлықты, нарықты үйреніп алдық та, бір-бірімізге сатып жатырмыз. Шет елге де тығып жатырмыз, тығылып жатырмыз. Соған лайықты «Қайыршымыз да, тіленшіміз де көбейіп келеді. Суды да, жерді де бір-бірімізге тығып та, ашық та саттық. Жер ана біліп қойып бір сілкініп түсіріп тастаса, не қыламыз деген қаперімізге де кірмейді.

      Бірінші Алланың шексіз берген жол нұсқаушы «Құран Кәрімге оны қазақ тіліне жақындатып тәпсірілген Халифа Алтай бабамыздың рухына тағзым ете отырып, болашақ ұрпақ алдында қазақтың тіл байлығының кеңдігін дәлелдеген және Құран құпия сөз астарын аша білуінен әлем халқы алдында біріншілерден болып және көпке ортақ кітап болатындығына сенімдімін. 

      «(Мұхаммед) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңде ғана оңайластырдық.»(44-58) Құран үгіті тек жақсы мен жаман істерді ажыратып өмір сүру қағидалары болса, құлшылық негіздерінің есебі, құпиясы насихат арқылы түсіндіріледі. Сондықтан Құран арап тілінде атаулар ғана болып әрбір атаулардың аятқа байланысты үндестігінен мағынасы өзгеріп ат қою тек өзге тілдерде ғана мүмкін болмақ.

    Серік-жұп, әр істе бірге деген ойды білдіріп жаратушымыздың жаратылыс себептік билік жүргізу патшалық, рақымшылық, шапағатшылық, т.б. теңдессіз сипаттарын дұрыс түсіндіре алмау және әр түрлі құпия теріс дұғаларды, сиқырлық істерді меңгеріп түрлі ырымдармен, құпия озбырлық істермен дін жолдарына өзгеріс енгізуге тырысып Алла тағала әміріне қарсы тұру болып табылады.

    Алладан өзге жансыз заттарға құлшылық жасап жалбарынып соларға құрбандықтар, сыйлықтар арнау. Жаратылыс сипаттарды түсінбеушілік. Ал дін тұрғысынан Алла бұйырмаған істі шариғат қылу. Аяттарды оймен жорып ғылымсыз ертек түрінде түсіндіру. Бұттарға, оттарға шоқынып; олимпиада оты халыққа бақыт сыйлайды, ойыннан ұтқан мемлекеттер өркендеген деп ойын-сауықтарға шоқыну,

Тәңіріні іздеп бір мұңғыл,                     Молдеке-ау, оған таңданба.

Тас суретке шоқынса,                            Сол кіреді бейіске.

Өлсе де болып соған құл,                      Екі жүзді сандалма,

Иманын бұзбай отырса.                         Сен қаласың кейісте.

Атақ, пайда іздемей,                                Құдайың мен дүниеге

Ойында мақтан жоқ болса.                    Кезекпе-кезек шоқынсаң.

Қиянатты көздемей,                                Инедей пайда тие ме

Қанағатқа тоқ болса;                                Мешітте мың жыл отырсаң.

    Көптеген жазушылар мен әрқилы кітаптарды оқу қаңғыбастық пен желөкпелік сияқты. Ал жаныңда қалатындай бірдеңе қалу үшін оны суарып, үлкен ойшылдардың біреуімен ұзақ уақыт жеке қалуың керек. Бірақ қазіргі таңда кімге сеніп кімнен оқу керек деген сауал бірінші орынға шықты. Әр халықтың осындай жағдайда тығырықтан шығу үшін оқитын ортақ кітабы болу керек.