Асық болып адалға,
Тазалық болып қолдарда.
Асқазанға арам жинамай,
Жиркеніш болса арамға.
Асық болып адалға,
Тазалық болып қолдарда.
Асқазанға арам жинамай,
Жиркеніш болса арамға.
Ізгілік он саусақта,
Бес қуатпен оң солда.
Бес өнердің бар күшін,
Айналдырған қимылға.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ғажайып күш тылсымнан,
Нұрынан Алла қосылған.
Қозғауды салып тағдырға,
Пенденің жанын оятқан.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Нұрдан үлес алғандар,
Тағдырын көріп амалдар.
Кемшіліктерін көрумен,
Түзетіп аман қалғандар.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Тылсымның түссе хикметі,
Жан оянып тірілер.
Алланың берген нығметі,
Ақ түске еніп түрленер.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Бос үміті алдаған,
Шырағы жанбай қиналған.
Жер бетінде пенде көп,
Оты бықсып шоқ болған.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ішіңе түскен арам ас,
Асқазан түбін ағартпас.
Миыңа жетіп уыты
Көгіңнен нұрды қондырмас.
Сиқырмен күнін көргендер,
Тағдырын байлап бергендер.
Сәуегеймін деп бал ашып,
Жындарға қызмет еткендер.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Түбі жоқ, түпсіз жемқорлар,
Қарынды отқа толтырар.
Халықтың жеп үлесін,
Кеудесін керіп жылмияр.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ғибадат түбі береке,
Құлшылық мәні жүректе.
Сан-сауалды қойдырған,
Ақылдың күші ерікте.