Байтасов Т.К. жеке блогы

Түс жайлы

       Адам өмірінің едәуір бөлігі ұйқымен өтетіні белгілі. Күні бойғы қауырт жұмыстан шаршап келіп, тынығайын деп көсіліп жатып көз ілген сәтіңізді немістер «Тәтті ұйқы — тамақтан кем емес» деп суреттесе, күрдтеріңіз «Ұйқы – қорғасыннан ауыр, қанттан тәтті» деп сипаттайды.

Имран ибн Хұсейін  әңгімелеуде:
«Басқа сахабаларға қарағанда Пайғамбарымыз  маған бөлекше ілтипатпен қарайтын. Бір күні маған: «Әй, Имран, саған ерекше құрметпен қарайтынымды білесің, менімен бірге қызым Фатиманың қалын сұрап үйіне кіріп шығуға қалай қарайсың?» – деді. Мен бұған қуанып: «О не дегеніңіз?! Сіздің жолыңызға жаным пида», –дедім. Екеуміз іле орнымыздан тұрдық.