Қазіргі заман, бөлек бұрынғыдан,
Ер мен әйел теңдігі, деген заман.
Әйел- жан, еркек- рух теңдік емес,
Ал, білім бұл теңдікке кепіл емес.
Қазіргі заман, бөлек бұрынғыдан,
Ер мен әйел теңдігі, деген заман.
Әйел- жан, еркек- рух теңдік емес,
Ал, білім бұл теңдікке кепіл емес.
Жазып едім, аталар ұлағатын,
Ар білімін қазақтың дін тағатын.
Мәдениетсіз, деген маған айып таққан,
Қатындардың естідім сын бағасын.
Ертеде бір ел, құдайлық ата дінін,
Қабылдауға қайтадан құрды жиын.
Патшасына өтініш айта барған,
Даналары ойлаған көптің күйін.
Ақыр заман халқының
Шайдан басқа асы жоқ.
Жақынынан басқа қасы жоқ,
Лағынет қамыты мойнында,
Қолдарының босы жоқ.
Жаратқан махаббатпен адамзатты,
Сүйсін деп ол Алланы жанан тәтті.
Жартысын бар нәрсенің сыйға беріп,
Жалған, деп жалқы сөзді және атапты.
Естімеген елде көп,
Есек мінген сартар көп.
Текті мен тексіз сипатты
Өлшемін мұның кім тапты?
Бақытқа бiздi апарар,
Тiледiм Алла шапағат.
Құлдарың болсын бауырмал,
Бергейсiң елге қанағат.
Япырмау есітідің мұндай сөзді?
Дүмшесің, деп айыптап теріп сөзді
Білімді атап өзін, маған сауал берді
Ажыртып Дінмен, Құдайды алшы, деді.
Ақындарға бүгінгі таң қаламын,
Махаббат болған, сөздерінің арқау әні
Дегенмен өзін мақтап мен сондаймын,
Өлеңдердің осындай бар ма мәні?
Құран аяттары болсын, сөз атаклары болсын, жалпы жаратылыс нәрселерінің бәрін жұбымен, парымен жаратым, деген Алланың берік бұлжымас үкімі бар. Осы үкімнің өзі тура жол және дін ұғымының өзінде де жұбы болып, тіптен қағбаның да жер бетінде жұбы да пары да бар екенін ескертіп тұрғаны хақ. Сол сияқты махаббат деген ұғымның да жұбы болу керек.