Ақ жол, киелі елдің ұрпақтары бүгінде,
Құрбан шалды Сүйінбайдай пірі жатқан төрінде.
«Бабалардың аруағы» қолдап тұрған киелі ел,
Дініміз бен тілімізді кең тартар жерінде.
Ақ жол, киелі елдің ұрпақтары бүгінде,
Құрбан шалды Сүйінбайдай пірі жатқан төрінде.
«Бабалардың аруағы» қолдап тұрған киелі ел,
Дініміз бен тілімізді кең тартар жерінде.
Қолға алып домбырамды кейде мен,
Ойға шомып тілдесемін тылсымен.
Сырымды ашып бүгінгі күн халыққа,
Қол созайын арғы жаққа, алысқа.
Өмір өзен арнасында тасыған,
Болар бала қалыптасар жасынан.
Сен отырсың ескек ұстап қайықта,
Жетер жерің жақын ба екене, алыс па?
1997-ақпан айы болатын,
Таңға жуық аян алдым, алдыма жол салатын.
Нөсер жауған шелектетіп көк аспаннан төбеме,
«Сыйын»,-деді бес атаңа көтерді көгіне.
Жаратылыс сыры ғаламат,
Жалғандық тағдыр жамағат.
Маңдайға жазған жазымыш,
Сұраққа жауап табыңыз.
Көш келеді.
Мұнар таудың басында тізбектеліп,
Көш келеді шегіне көз жетпелік.
Жол көрсеткен аруақ ұрпағына,
Жетелеген мұнар тау шыңдарына.
Аманат жолдан ар жақтан,
Аруағы баба үн қатқан.
Есігін ашып тылсымнан,
Жүректен пенде тіл қатқан.
Өмір жолын жүріп өту пендеге,
Жаратушы сынақ қылып бергенде.
Алалықтан ақ қараны ажырат,
Өз-өзіңді алдау жолын көздеме.
Өмір жолың бөлінгенде тармаққа,
Кезі болар жауап іздеу сұраққа.
Сұрапыл сұрақ «Не істеу керек?»
Адаспаған биіктерден көрінбек.
Парыз жүгі орындалу керекте,
Алты жасар ұлымды алып жетекке,
Ауыл шеті әкем жатқан зиратқа,
Келдім әке дұға жасау ниетте.