Алла тағала барлық жаратылыстың әсемдік, сұлулығынан жақсылықпен махаббатты жаратқанды. Сұлулық, әсемдіктің ең жоғарғы сипаты көркем сөз болып, әлемнің сөзден жаралғанына дәлел болмақ. Әсемдіктің үнін, жарық нұрын жасыру үшін барлық жанды нәрселерге киім беріп, жансыздарды ондай нығметтен құр қалдырған. Адам ата мен Хау анамыздың да сұлулығын, сөз нұрын жасырып тұрған зейнеттік өрісін жоюға қайың тектес шырша ағашының жемісін жеумен қара қуаттардың енуімен, жындылық сипатқа яғни жалаңаштанып қалған еді.

Қарызды өте тірлікте,

Қарызбын деп есепте

Ата менен анаға

Келтірген сені дүниеге.

Қарызсың ата-бабаға,

Жұрнағысың жалғанда.

Жалғасы тектік ағаштың

Әке мен ата басқаға.

             Алла тағаламен ібіліс «ғұламамен» болған тартыста ібіліске тура жолдағы негізгі кедергі болып, мұнан аз ғана пенделердің азғыруға көнбей өтетіні туралы ескертілгенді. Олай болса, жанатқа ібіліс адамзатпен бірге тазарып, адамдықтың жоғарғы сипаты кісілігі болып кіреді. Біздің барлық білген меңгерген білім, іліміміз ібілістік періштелік сипатпен жанай қанатына айналуы шарт.