Алла тағаламен ібіліс «ғұламамен» болған тартыста ібіліске тура жолдағы негізгі кедергі болып, мұнан аз ғана пенделердің азғыруға көнбей өтетіні туралы ескертілгенді. Олай болса, жанатқа ібіліс адамзатпен бірге тазарып, адамдықтың жоғарғы сипаты кісілігі болып кіреді. Біздің барлық білген меңгерген білім, іліміміз ібілістік періштелік сипатпен жанай қанатына айналуы шарт.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Дүниені дүптеушілер
Бөлім: Без рубрики
Дүние қоңыз пенделер,
Нәпсінің құлы әлсіздер.
Дамылсыз еңбек еткенмен,
Жаны өлі, рұқы күшсіздер.
Қадыр(63)-(64)-(65)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Көңілің қалпын бұзып тұрса,
Тұрақсыз айнымалы аласұрса.
Ашынып баяу таппай іштен мінез,
Құбылған қылық шығар жындылыққа.
Алдыңғы тарауларда жалпы перілік жүйенің белгілерінен сипаттама бердік. Енді оның ішкі жағдайында әр пендеде аз көп түрлі мінездермен пайда болып, оның негізі үш түрлі адамзаттың (Ойлау, есту, көру) қасиетінің негізінде; Қорқыныш, сұлулық-әсемдік және білімді ақыл деп түсінумен ұғымыдылықты өзгерту арқылы ібілістің ықпалында өмір сүретін қоғамды қалыптастыру болмақ. Бұлардың ең негізгісі білім болып, оның ішкі ойын терістей сөз ұғымдарының, атау сөздердің әрбір жүз жыл сайын діл үнінің өзгеріп, қосымша таңбаларды меңгеру жүйесін қысқартумен маңызды болмақ.
Ақыл(62)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ой салса біреу ісімен,
Қылығы және сөзімен.
Жақсы менен жаманның,
Айырмасын білерсің.
Аян(61)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Аян түске жалғанып,
Құдайдан хабар мың алып.
Көркем істі көбейткен,
Тағдырын жүктен тазартып.
Ашу(60)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ашулану болса дертің,
Соңыңнан ерер жендетің.
Айықтырмас күнәдан,
Тозақтық болып өтпексің.
Ұяттылық(59)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ұяттың кеш келгені,
Еш емес өткен күндері.
Қалған күннен ол артық,
Табылып қайта өнгені.
Қазақ еліндегі бүгінгі таңдағы болып жатқан қиямет сағатының сынақтарының негізгі себебі ғылымның мәні маңызы жоғалып, оның орнына жасандылықтың пайда болуынан деп түсінген дұрыс болар. Ғылым деген өнер-білім ғана емес, барлық жер бетіндегі тіршілік әрекеттердің адамдықты сақтауға, заманға қарай бейімдеп, жаратылыстың заңдылығына қайшылықсыз өсіп-өну жанды көбейтуге қызмет жасайтын білім, ілімнің, ақылдың бірлігінен және адамдықты бейнелейтін амал әрекеттерден тұруы керек. Қазақта «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген ғылымды меңгерудің сырын.