Білімнің екі түрі түсірілген,
Жұбымен жаратылыс ілімінен.
Құдайдың сынағы әлемге ортақ,
Діл білімін ұлтымен негіздеген.
Білімнің екі түрі түсірілген,
Жұбымен жаратылыс ілімінен.
Құдайдың сынағы әлемге ортақ,
Діл білімін ұлтымен негіздеген.
Қазаққа бұл қай заман,
Дүниемен қызық бай заман.
Екі жүзді ел билік,
Ұрпағына ібіліс айналған.
Сөзімнің мазмұны — ойдың үні,
Адамдықтың мазмұны — ардың жүзі.
Ел билеудің де бар мазмұны
Ар-ұятты, мәңгілік жан елдігі.
Жүрегіме қарап едім үңіліп,
Дүние қызық, өліп қапты түңіліп.
Тіршіліктен жалыққан шалды енді,
Жақсы көрмек қай ісіме қызығып.
Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8
Бабалар қалдырған аманатын,
Қазақтың тектілігі боп аталатын.
Адамзаттың бәрін сүю баурым деп,
Дәстүрі әлем дінін қоса алатын.
Әдетегідей қазақ еліне алдын ала жарты жыл бұрын құдайдан түсетін рухани сынақтар мен нығметтерді хабарлап отырғанымыз кейбір көзарақты оқырмандарға таныс болар. Сонымен наурыз айындағы көптеген берілген деректер Құдайдық хақиқатымен шынға айналды. Соның бірі; «Қысылтаяң кезеңі мен халыққа ауыр соққы тиеді» деген хабар еді. Бұл соққының түрлі жағдайлармен жол, су апаттарымен болып және Астана қаласына келген дауылдың көп шығынға ұшыратқаны да сөзсіз.
Мәуліт айы масһабшы дін ғалымдарының Хижралық ақиреттік жыл есебімен емес, күнтізбемен байланысты Григориандық ай есебімен қазақта Сәуір – Көкек деп атаған. Көкек жақсылықты шақыру болып пайғамбарымыздың туылған күні 11 сәуірдің 12 –не қараған түні болып есептеледі. Сонымен ата жолының талай жылдар бойы масһабтан өзгешелік құлшылық амалы осы айда әрбір бес уақыт намаз оқушы пенденің жеке–жеке мәулітті қарсы алуы болмақ.
Адамзат деген ұғым бар,
Жынды және Адам аталар.
Жан мен тән Адам сарайы,
Жын қуат күш қозғалтар.
Алланың сөзі құран,
Рахметінің жүзі болған.
Дін ісі болар жобаң,
Шариғаттан үгіт алсаң.
Ақындық Дәуіттен қазық болған,
Құдайдың құлына тән қасиет қонған.
Құранның жеті үнінен хабар берген,
Қазақта жыраулар көп үлгі қылсам.