Байтасов Т.К. жеке блогы

«Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғұны қалай?», «Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай (қанағаттанып шүкірлік қылмай), тыныштықтан жалыға қалатұғұны қалай?», «Нәпсісін тиып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғұны несі?» (40-сөз)

КҚриясы жок елдің,

жастары болар дуана.

Бір сынаған жаманды,

екінші қайтып сынама.

Тіршілікте сыйласпаған агайын,

кұм кұйылсын көзіне,

Өлгенде боска жылама. (М.Өтемісұлы.)

Құдайдан беріліп жатқан қандайда бір хабарларды ақыл елегінен өткізіп халыққа таныстырып отыру дін тақуалығының негізгі шарты болмақ. Сонымен ел билеушілердің ата жолын, ата дәстүріне жақындамақ түгіл керісінше халықтың арасына күдік, қорқыныш сенімсіздікпен тек қана ел биліктің шығарған заңдарына мойынсұнуды күштеп тықпалаумен ғана айналысып, әлемдік түнек күштерін айдан айға арттырып жатқандары да хақ. Қаңтар айында дін бүлікшілермен күресу мақсатында бүкіл мемлекет тұрғындарының қозғалысын бақылап, рәсімдеп отыруға заң күшіне енді.