Ұқсатуға Құдай өзіне жаратқан,
Ібіліске білім кілтін ұсынған.
Адам қалай менен артық болар деп
Қарсы болып Адамдықтан қуылған.
Ұқсатуға Құдай өзіне жаратқан,
Ібіліске білім кілтін ұсынған.
Адам қалай менен артық болар деп
Қарсы болып Адамдықтан қуылған.
Шешен халқын сынаған
Тазартып тағдыр арамнан.
Құдайдың болды сынағы,
Қияметтік мезгіл орнаған.
Қазақтың енді ғана күні келген,
Ел биліктің болыпты есі кірген.
Жолдауын ел басының талқылайық,
Рухани жаңғырамыз деп білімменен.
Ақ жаулық байлығы болды ойланған,
Ештен кеш жақсы деген адамдықтан.
Оянды ма ұйқысынан ел басшылар,
Түзетуге ұяттың қамын қылған.
Жеті кітап жазылды аруақтар үніменен,
Алматы қаласында бес ата қолдауымен.
Ата жолы аруақтық ар білімі -ақ бастауы,
Ақ ұлға таныстырып ұлықсат берген.
Адамзатқа екі сипат өмір күші,
Адамдық жаны, жындылық болар ісі.
Ортасы саналықпен бір қуатқа,
Екі жарты бір бүтін толық есті.
Үш ағашқа ат байлау еркектіктен,
Тектілігін меңгермек ата тектен.
Заманның өнер, білім, қозғалысы,
Қасиет жан көбейтер бес қуатпен.
Осы уақытқа дейін ата жолы атынан Раббымыздың аруақтар арқылы біздерге беріп жатқан деректерін, елге келетін рухани сынақтарды хабарлау әдетімізге айналды. Бұл сынақтардың қазіргі таңда 70-пайыздан бастап шынға шығып жатқаны да хақ. Қандайда Құдайдан келген хабарлардан қорқып тәубеге келіп, жалбарыну арқыл бұл сынақтардан айналып өтуге де болады.
Қияметпен өркендеу бірге жүрген,
Адамзаттың бұл сыны кезеңімен.
Тоғыз жолдың торабын тоғыстырған,
Қазақтың еншісіне тиген кезең.
Ақ пен қара тіршілікте қатар жүрген,
Жақсы жаман өмірмен бірге келген.
Сыналмасаң мініңді көре алмассың,
Бұл бір діннің шарты ескермеген.