Кесірлік (189)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Заң, тәртіпке бағынған,
Ой жорумен би болған.
Жасаған қолдап тұра ма?
Заңымен мықты кім болған?
Бөлім: Зікір өлеңдер
Заң, тәртіпке бағынған,
Ой жорумен би болған.
Жасаған қолдап тұра ма?
Заңымен мықты кім болған?
Бірлікпенен іс қылмақ,
Жетістікке қол созбақ
Тектілердің ісі емес,
Орын таппай баптанбақ.
Арпалысып алысып,
Шындықты көрмей, мардамсып
Шариғат ісін жол қылған
Тәпсірді алған білім ғып.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жүректін үнін тылсымнан,
Ой түбіне жасырған.
Жазуы Алла таусылмас,
Қалам деп ілім аталған.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ерік күші болмаса ақылдың,
Қалауы болмаса жете, сананың.
Ісіңде салмақ, сөзде пәтуа,
Болмайды қуаты жаныңның
Бөлім: Зікір өлеңдер
Желпіндірер жастық шақ,
Келмес қайта айналып,
Жүрекке жиған нұр қуат,
Қанмен бойға таралып
Бөлім: Зікір өлеңдер
Сөз -қуат, күш берер,
Желпіндіріп сес берер.
Аяқтан шалып еңкейтіп,
Кейбірі сүйектен өткізер.
Ұйқастық іздеп сайраған,
Жаздым деп өлең қуанған
Келістіріп шумақ сезіммен,
Сөзінен құнар жоғалған.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Құйқылжытып ән салған,
Шындықты айтып сайраған.
Құстардың әсем әнінде,
Ақиқат үні жасырылған.
Періліктің әсері,
Өсірсе тырнақ ұлғайар.
Жанған іштен қаралық,
Тырнақ боп өсіп тазарар.