Байтасов Т.К. жеке блогы
Ер жүрек батыр бабалар,
Тылсымнан түртіп оятар.
Мылтықсыз майдан басталып,
Өлілер бастап жол салар.
Сенімсіздік(108)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Сенімсіздік жайлаған,
Індет болып тараған.
Қай ортаны алсаң да,
Күмәнсіз қадам баспаған.
Қаскөй надан басшылар,
Билікте басы қалғандар.
Есіл дерті ел билеу,
Мақтаншақ ант ұрғандар.
Ерте ерте заманда,
Жаугершілік тұсында.
Берекесін кетірген,
Жау шабуылдап қазаққа.
Ағаттық, албырттық,
Ноқтасыз сезім, дақпырттық,
Адамдықты жоятын,
Көңілге бермек таршылық.
Жамандықты көретін,
Жақсылықтан безетін.
Көріпкелдік торыған,
Терістікке жалғанған.
Татулық (103)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Тату болса адамдар,
Көңілдері жайланар.
Ниетінен бар адамның,
Әлемге қуат қосылар.
Ізгі амалдар (102)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Тағдырына жалғанып,
Құдайдан ұлықсат жоба алып.
Ізгілікпен іс қылсаң,
Құранды оқып қолға алып.
Тектілік
Бөлім: Зікір өлеңдер
Сөз өнерін меңгерген,
Қадірін, үнін түсінген.
Уәдеге берген берік боп,
Ісі мен сөзі тең келген
Тектіліктің бұл белгісі.