Діннен бөлек заң жазған,
Билігі қазақ жын болған.
Әлемнен жинап дүние ісін,
Дүниеге елді шоқынтқан.
Діннен бөлек заң жазған,
Билігі қазақ жын болған.
Әлемнен жинап дүние ісін,
Дүниеге елді шоқынтқан.
Әлемнің дейді асылы арап тілі,
Құран түскен, Алланың дегені үні.
Сендерге бір тіл ғана жараттым деп
Алланың үкімі неге түсті?
Алаңда халқым алаңда,
Жер киесі далаңда.
Егін егер есепсіз,
Жаратпаған байларға.
Құдайдың құлымын ар сатпаймын,
Дүниенің байлығына қызықпаймын.
Ата дәстүр дінімді ата жолын,
Тура жолы — Алла жібін тарқатпаймын.
Ата дәстүр салтымен болмай тату,
Қосылып шерік-жындар болмақ ауру
Опасыздық ел билікпен, маһабшыдан
Ұлт тағдыры аруағына жала жабу.
Ел тағдыры елімнің болашағы,
Ауыртады жүректі қинап жанды.
Жындылығы жастықтың сөзі емес,
Ауырмаса жүрегің, көзің көрмес.
Көргендерім тіршіліктің күні емес,
Тарихтан белгі келді тұрған елес.
Құдайды бір аты деген халық,
Құдайсыздық ісін де алар, осы халық.
Ел билеуші құдайдың көлеңкесі,
Рахметі не сынағына жалғанарлық.
Алуан, алуан заңдар бар,
Дін иманға тор құрар.
Дүниемен жерді бағалап,
Қазақтан шықты тажалдар.
Ұятсыз арсыз ел болған,
Басшысы елдің Нұрсұлтан.
Көктегі кие жарықты,
Құдайдың нұрын жол қылған.
Нұр отандай партия жер сататын,
Құдай жолы нұрлы жол қылып затын
Сөз ұрлаған құдайдан зиялылар,
Ақ жол деп партияның қойып атын.