Табиғат құбылыстарына табыну жол-жобалары.
Қазақтың бұл әдет-ғұрпы ислам заңдарымен шатасып, араласып кеткен. Ислам діні мәжусилік табынудың бәрін ығыстыра алмай, амалсыздан бірігіп исламдық сипат алған. Күн, Ай тұтылғанда, Жер қозғалғанда, нөсер, боран, құйын, тасқын, .т.б. кезінде оқитын дұғалық аяттар бар. Егер екеуі қатар болса (мысалы жер қозғалып, күн тұтылса) онда екі дұға аят оқылады, ол жеке бір өзі болса, жеке дұға оқылады.
Дұға табиғат апаттарында былайша оқылады: екі рәккаттан намаз оқылады да әр раккаттан бес ракуғ (бел бүгу) жасайды. Бұл дұғаның Күн, Ай тұтыла бастағанда болмаса апат басталғанда оқиды. Намаз далада ашық аспан астында оқылады. Жаңбыр тілегенде әулиелі жерлерде оқылғаны дұрыс. Аңыз әңгімелерде Айша анамыз бір жылы қуаншылық болып, ел сасқанда Мұхаммет пайғамбар басына барып қабірінен тесік тескенде, жаңбыр құйып жауыпты. Бұл сияқты аңыз әңгімелер көп.
Қылмыстық құқықтық заң нормалары
Өз білгенімен жазалау (таІзир) Шариғат Құранға негізделген бір не басқа қылмыстар үшін өзгермейтін жаза белгілеуімен қатарда қазыларға кейбір жазаны өз білгенінше белгілеп шығаруға мүмкіндік береді. Мұндай өз білгенімен жазалау арабша «таІзир» — «үкім шығарушылық» деп аталады. Әрине, Құранда не басқа бір шариғат негіздерінде кездеспеген тәртіп бұзушылықты қазы өз білгенінше жазалайды. Мұсылман елдерінде қылмыс түріне қарай ұрының қолы кесіліп, дүре соғу, аяғын кесу, түрмеге, зыңданға салу арқылы, ауыр түрлері қорқыту үшін дарға да асу жазасы берілген. Ал қазақ халқында ондай үкімдерді ру ішінде, ру басы ауыл ақсақалдары өте шебер шеше білген. Оған шыққан шығынды қайтару, құн төлеу т.б. жазалар қолданған. «Қол сынса жең ішінде, бас жарылса бөрік ішінде» деп майда бұзақылықтарды сыртқа шығармай ауыл, ру ішінде басып отырған. Ел, ру намысы бірінші жолға қойылған.
Өлікті бірден қабірге көмбейді. Қабірге келе жатқанда жайлап жүріп жақындағанда баяу қозғалып, үш рет өлікті жерге қояды, кейін барып қабірге түсіреді. Егер ер адам өлсе, үшінші рет жерге қойғанда, басы құбылаға қарауы қажет. Ал әйелді бетін құбылаға қаратып, қабірге тез түсіреді. Қабірге түсерде сыртқы үйде тұрып, ішкі үйге қоятын адам бас киімсіз, жалаң аяқ тұрып, әрі өліктің аяқ жағына шығуы тиіс. Өлікті ішкі үйге түсіргеннен соң кебіннің басы, ортасы және аяғында байланған жерін шешіп, бұл кезде сыртта тұрған жиналған адамдар қабірдің жас топырағынан орамалға уыстай салып, оны қабірде тұрған адамға береді. Ол бұл топырақты өліктің бас жағына төгеді. Аңыз бойынша ол дүниеде таразыға жақсы-жаманды таразылағанда осы топырақ сол адамның жақсылық жағына қосылады деген түсінік бар.
Алты жасқа дейінгі балаларға жаназа оқу қажет емес. Бала өлі туылса да жаназаның қажеті жоқ. Табыт пен молда арасында шымылдық не т.б. қалақайлайтын нәрсе болмауы керек. Молда ер адамға жақындау, ал әйел адамға алыстау тұрып, жаназасын оқу тиіс. Қабірді топырақпен жабар алдында имам үш рет «ас-салатты» қайталайды. Ал араптар топырақпен жабар алдында имам оң қолын өліктің оң иығына, сол қолын сол иығына салып, өлікті қатты шайқап, оның құлағына үш рет: «Тыңда, түсін, ия!» деп атын атап, кейін Құран оқиды.
Шариғат заңы бойынша алты жағдайда саудалық келісім жасауға тыйым салынады. Бұлар:
1) «арам» нәрселерді сату және сатып алуға («арам» нәрсеге шошқа, алкоголь ішімдіктер, т.б. жатады.);
2) тартып, тонап алынған нәрселерді сату және сатып алуға;
3) сатушының өз мал-мүлкі болып табылмаса;
4) құмармен байланысты сауда-саттық істер;
5) пайдақорлық (риба) жете келісім жасауға;
6) бір-бірінен ажыратуға болмайтын, араластырылған товарларды сатуға (мысалы, майға басқа бір майды араластыру, су араластыру т.б.) тыйым салынады. Сондай-ақ мұсылман емес елдерден алынған май, ет, шұжық, т.б. егер сойылған мал шариғат заңдарына сәйкес сойылса ғана сатуға рұқсат етіледі.
Шариғат заңы бойынша тыйым салынған ас тағамдардың бәрі де кеңінен көрсетілген. Хадисте «Алла тамақ ретінде қан, өлген хайуандардың, шошқаның етін жеуге, шарап ішуге тыйым салады» немесе «Жетім-жесірдің ақысын тамақ етіп жеуге болмайды» делінген, әсіресе шарап ішуге қатаң қарайды. Қандай да болмасын адамды мас ететін ішімдік ішуге тыйым салады не болмаса «шарап – күнәлардың жиынтығы, одан барып ойнастық, қылмыс, шайтан соңынан еру және жалған дүние қуу келіп шығады» дейді. Рас, шошқа етін жемеу ежелгі мысырлықтар мен иудейлерде де болған. Қазіргі кезде діндарлар шошқа етін жемеуді ғылыммен байланыстырады. Шошқаның бұрын адам болғанын растайтын аят бар. Ал шошқаның бүйрек, бауыр, жүрек, көк талақ құрылысы мен қан құрамы, қан қысымы мен терісінің құрлысы да адам ағзасымен бірдей екенін ғылым дәлелдеп отыр. Пайғамбарымыз «Шошқа етін жемеңдер. Оны сатып, одан түскен ақшаға тамақ сатып алып жеу арам. Шошқа мұсылмандардың мүлкі емес.» деп шошқаны пайдалануға тыйым салған.
Баланы сүндетке отырғызу жөнінде Құранда ештеңе айтылмаған. Бұл дәстүр мұсылмандардың дәстүрі болып саналмайды. Оның шығу тарихы тіптен тереңде жатыр. Оны көпшілік мұсылмандар түсіне бермейді. Бұл әдет ислам келіп шықпай тұрып-ақ Египет пен Эфиопияда, сол секілді иудейлер арасында кең тараған еді. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың айтуынша бұл дәстүрді есте қалмай ұмытылған замандардан-ақ мысырлықтар, колхтар және эфиоптар ұстанған.
Шариғат заңы бойынша ер адамдар әйел адамның өзі түгіл шашына да қарауға рұқсат етілмейді.
Ажырасу шариғат заңы бойынша 4 түрлі:
а) «банн» (мүлдем ажырасу)
ә) «ража» (қайта келу)
б) «хаал» (әйелі төлем төлеп ажырасу)
в) «мубарат» (бас тарту)
«Банн» яғни мүлдем ажырасу құқығына иелер:
«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей қоғам болған соң «бір биеден ала да туады, құла да туады», яғни қоғам ішінде жақсылары да, жамандары да болады. Үлкен отбасына келтіретін намыс – сол отбасының кісісін өлтіру, жесірін алу, малын ұрлау, т.б. қылмыстар сол үлкен отбасы түгіл, бүкіл руына жағылған күйе болып саналады. Сондықтан да бүкіл ру қажет болса «өз ұраны» шақырылғанда атқа мінбеу, сойыл ұстамау ездік саналған. Қайсы ру болмасын намысын қолдан бермеген. Заң органдарының күштеу аппараты болмаған заманда қылмыстының жазасын тек қана осындай жолмен қайтару бірден-бір дұрыс жол еді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілеріміз «құн», «қанды кек» қайтару институтына тосырқай қарап, айыптап жатқандары да жеткілікті. Күштеу аппараты жоқ қоғамда бұлай істеу кісіні өлтіруі ниеті бар адамды алдымен қылмыс істер алдында мыңда бір рет ойлануды, егер қылмыс істеп кісі өлтірсе тек өзіне ғана емес, бүкіл туысқандарына келетін кесірін пайымдауды талап етеді. Бұл – қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың төте жолы. Егер «қанды қол» кісі өлтірсе не өзі өледі, не бүкіл туыстары болып «құн» төлейді, бұл оңай шаруа емес, оның үстіне «бүлінген елден бүлдіргі алма» деп, ондай рудан басқалар шеттеп, «қанды қолдығын» беттеріне басқан, қыз беріп, қыз алмауға тырысқан.
Немеурін сұрау – яғни енші алып, бөлек шыққандар туған-туысқандарынан немеурін сұрап, мал-мүлік алғанды айтады. Қазақ халқы өз руластарымен, оның ішінде ең жақын, ет жақын туыстарымен бірге көшіп-қонғаны белгілі. Қандас туыстастар әрқашанда отау тігіп, бөлек шыққан туысқанына немеуірін сұрап келсе, мал-мүлкінен қолынан келгенінше көмектесуі тиіс болған.
Сауға сұрау:
а) жорықтан не бәйгеден олжалы болып келе жатқандардан сауға сұрағанда түскен олжасының бірер мөлшерін сұраушыға беруге тиіс болған;
ә) кейде қылмысты адамды жазалап, өлтіргелі жатқанда сауға сұрап, араша түскен. Мұндай жәйтте «басына сауға бер» деп арашалаған.
Жылу сұрау.
Кенеттен бақытсыздыққа тап болып (өрт, жұт, тасқын т.б.) аппаттар әсерінен қиындыққа ұшырап қалғандар не құн төлеп кедейленгендер өз ағайын-туыс, руластарынан құда-жекжат, достарынан сұрайтын көмек. Қазіргі кезде жылу сұрау ауылдық жерде сирек те болса ұшырасады.
Бисмиллаһи Рахмани Рахим!
Алла белгісімен бастасақ «Осылайша Құранды, арапша үкім етіп түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды». (Рағыд – 37).
Бұл аятпен жаратушымыз құран үкімін бұзатын, залым ғалымдар болатындығын ескертіп отыр. Демек Құран түсінігі үнемі толықтырып қадағалап отыруды қажет етеді. Ондай Құран аяттарының құпияларын меңгерген адам баласын елші немесе әулие деп атаған.
Енді өткенімізге үңілсек, терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғана ғайыптан хабар береді. Әулие дегеніміз сол болса керек. Сол әулие аталарымызға, бір сәт қалдырған мұраларына ой жіберсек.
Шәкәрім атамызша:
Салт-дәстүр бұл ұлттың тірегі. Ал ата-салтын білмеген пендеге өмірде есе тимейді. Біздің әрқайсымыздың әрбір отбасының игілігі, бүкіл ұлысымыздың игілігі болуы тиіс. Олжалы орайды да, обалды ұмытпайтын ұлағатты ұлттың ұрпағы болғандықтан, өткеннің бәріне кінә қоймай болашақ жайын ойлайық. Барлығымыз үшін ескінің сөзі ереже, атаның сөзі «аманаттай» болсын. Ал «Аманатқа қиянат жасама» дейді халық даналығы. Ақылгөйдің аузынан, алтыннан қымбат сөз шықса алтын сөздің ішінен артық бірін таңдай алып, еліміздің рухани байлығын арттыра беру игілікті парызымыз болу керек.
Ол ертең жұмбақ бізге,
Бүгіннің қадірін біл қыматты ізде,
Ақ жолдан адасып шалыс бассаң, етегіңді басқан кірден арылғың келсе, тәубаңа кел.
Қалмаса сенде ұждан дәрмен сірә,
Иманды ізгілерден жәрдем сұра.