Автор: Тоқберген Байтасов
Әр халықтың дүние танымдық, салт-дәстүрлік және жаратушы негіздерін тану ерекшелігі болуы өз өмір сүрген ортасына, ішіп-жем, тұтыну бұйымдары, қоршаған ортаға тигізетін зиянды-зиянсыз әсерлеріне тәуелді болып келеді. Бір халыққа ортаға бейімделу дәрежесінде жақсы зиянсыз әсер еткен нәрсе келесі бір халыққа кері әсер беріп, жұмбақ немесе аз мағлұматы бар болып танылады немесе басқа қырынан белгілі болады.
Қобызым неге сарнайды? —
Ажалдан хабар береді.
Сыбызғым неге зарлайды? —
Деп түр ием өледі….
Өмірге нәрестелердің кеміс, әртүрлі ақаулармен келуі және байқалмайтын, кейін ержеткеннен кейін көрінетін жандық ақаулар түрі халықтың жалпы қасіреті болмақ. Болып та жатыр. Көрші Ресей мемлекеті осыдан екі жыл бұрын 150 мың адамға азайса, енді биылғы есеп бойынша 700 мың адамға азайды. Келесі жылы тағы миллионның үстіне шықса, сонан кейін он жыл шамасында үлкен жандық дағдарысқа тіреледі. Солтүстік аудандарда ауылдары бос қалып, үйленген отбасының үштен екісі ажырасып, қалғанының 49 пайызы бала туа алмайтын ауруға ұшырады. Екі жарым миллион үстінде тіркелген азған адам санатында жоқ болса, тіркелмеген одан да көп. Жоғарғыдағы Майқы би атамыз айтқан болжам артығымен келді орыс атты білгіш халыққа.
Себебі аяттарда:
Белгісі — бірлік. «Бармақтай бақ бер, соны ұстап тұратын батпандай салмақ бер»-, деген бабаларымыз.
Философия болмысты болжап ақиқатты бағалау ғылымы. Қазаққа қандай философия қажет? Батыстан алып жатқан ой тұжырымдарының ойыны ма? Әлде шығыстың «Бұрынғының ізінен іздеме, бабалардың іздегенін ізде» деген қағидасы ма? Негізінен әр халықтың өзіндік даму болып бекіп және әр адамның өз қоғамындағы өмір сүрген ортасының даму ережесінің қағидасы – шындығы болу керек.
Қазақ қандай елміз, қай жолмен жүріп, қай бағытты таңдасақ ұлы жолға тоғысамыз?- деп иманы оянып, түсі түзелген, әрбір көкірегі ояу азаматтың ой пікірлерін баспасөзден де, теледидардан да көріп те, естіп те жатырмыз. «Зайырлы мемлекет боламыз» дейді көпшілік ислам танушылар. «Зайырлы» сөзі ескі түркі тілінде; Ибалық, әдептілік, имандылық, тектілік, қасиеттілік болып, пенде бойындағы болатын құпия белгіні айтады.
Құран кәрім бойынша мұсылман діні үш ерекшелік жолға бөлініп соған байланысты аяттарды айырып түсіндірілген. Шариғат жолы, турарақ жол және тура жол. Барлығының ірге тасы шариғат жолы болып, қалғандары тек сол арқылы көктейді. Сондықтан аятта; «(Мұхаммед пайғамбар) сені шариғат ісіне қойдық, енді сонымен жүр. Білмегендердің ойына ілеспе. Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы». (Жасия-19)
Бұл кітап ақиқаттың ақ бастауы болып, өз ұлтына бейтарап қарай алмайтын қазақтың мүддесін жоғары ұстаған оқырмандарға ғана арналады. Себебі бұл шығарма «ақиқаттың ақ бастауы» болып, қазақ халқының наным сенімі және дін ұстаным жолы мен әлемдегі қазақ халқының ерекшелік белгісі мен болашақтағы алатын орнына құран аяттарымен нақты дәлелдер келтіріліп, осы уақытқа дейінгі құпия болып келген тылсым сырлары мен ақ жолдың ақиқаты баяндалады.
Редакторы: медицина ғылымының докторы, профессор
Садықов Сайын.
АҚИҚАТ БАСТАУЫБисмиллаһир рахманир рахим!
Аллаға шексіз шүкірлік! Отанымыз егемендігін алып, тәуелсіз даму жолына түскеннен бері қалың жұртшылық ұлтымыз боп мемлекетіміздің тарихи бастауларына ерекше ықылас аударуда. Дініміз жайлы, ұлтымыз жайлы еркін ойлауға, жазуға мүмкіндік туды. Қазіргі мұсылман елдерінде дін ұстанып ешкімді таңқалдырып қоғамда ешнәрсе өзгерте алмайсың. Қасиетті дін жәй дәстүр дәрежесіне дейін кұлдырады. Сол дін дәстүрі қайдан келді? Осылай әлсірей берсе әлем халқы жол таппай тығырыққа тірелмей ме? Адамды «адам айуанға» айналдырмай бүкіл қасиетін ұстап тұратын дін ғылымы жойылғасын адам ұрпағы да біржолата жер бетінен құруға айналды. «Неге тек қана дін, басқа да ғылымдар бар ғой, діннің де талай былығы бар ғой» — деп дау айтуға асықпаңыз. Әрине кез-келген діннің дағдарысқа ұшырап кететін кезі болады. Тарихта ондай кезеңде дүмше діндарлар дін басына келгенде қоғамды артқа сүйреуші кері-тартпа күшке айналады. Ондай жағдай қазіргі қоғамда қатты байқалады. «Екі күн бұрын ойланған, болашағын бір күн бұрын болжайды» деген екен бұрынғы аталар. Келіңіз болашағымызды болжап көрейікші. Ондай шұбар фактілер мыңдап кездеседі, шатақ діндер осылай кете берсе Қазақстан халқы не болар, қазақ халқы өзінің хақ дініне қайта оралып, бабаларымыз құрған таза рухани ілімге қайта оралып еге болмаса, жарқын болашақ туралы бүгінгі жұмыстарымыздың бәрі бекер болмақ.
Адам баласының сана-сезімі, қимыл-әрекеті сол кездегі өмір сүрген қоғаммен байланысты екені тарихта айқын. Оған өзіміз де куәгер болып отырмыз. Дүние жүзіндегі 2 мыңнан астам ұлт пен халықтың тарих кешені құрсаулы идеология мен өктем саясаттың салдарынан діннен безіп, дінмен қоса тілімізден, дінімізден айырылдық, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды ұмыттық, үлкенде – мейірім, шапағат, рахым, кішіде – ізет, ибалық азайды. Иман, сауап, тәуба жөніне қалды. Дінсіздік, құдайсыздықпен әуестеніп жүріп, құлқымыздың бұзылғанын, сана-сезіміміздің уланғанын, наным-сенімнен айырылып мәңгүрттеніп, кем ақыл болып қалғанымызды бір-ақ білдік.
«Дін-апиын, дін-соқыр сенім» деп діни кітаптар мен қағазға түскен Алланың сөзі, пайғамбар хадистері өртелді, діни адамдар жер аударылды, түрмелерде опат болды, мешіттер қиратылды.
Қазақстан халқы атеистік және әсіресе материалистік қоғамнан шыққан елміз. Қаншама жыл материяға табынған, соның үстемдігін көрген жұртпыз. Сол қоғамнан басқа қоғамға трансформацияға өткен кезде руханият жағына мүлде мән берілмеді. «Егер экономикамыз дұрыс болатын болса, халықтың әл-ауқаты жақсарса, руханият ешқайда қашпайды, бәрі де дұрыс болады» деп ойладық. Оның қате екенін қазір Швейцария, Швеция және Жапония көрсетіп отыр. Бұлар әлемдегі ең бай үш мемлекет. Сиуцид, яғни адамның өзін-өзі өлтіруі жөнінен алдыңғы үш орынды алады. Неге? Өйткені экономика, әлеуметтік жағдай бәрі жетілгенмен, руханият дамымай қалған, рух әлсіреген. АҚШ-та да осындай жағдайлар болып жатыр.