Қызға қиын мойындауы сүйгенін,

Білдіре алмай іштей жанып күйгенін.

Ым-ды білмес, Дымды білмес ерлер көп,

Түсінбейтін қыздың адал ниетін.

Жанарымен түсіндіріп сүйгенін,

Қыздар жүр жасырумен кеудесін.

Оңашада еске алды алқынып,

Қайталаумен сүйгенінің есімін.

Ақ боз аты ағытылмай белдеуден,

Кісінеген үні шығып кеудеден.

Жүрек соғып, тамырлар дызылдайды,

Көңіл талып, көз қарауытып үздіккен.

Ғашық болса қыз шоқ қой қыздыратын,

Қыздырмаса неге қойған қыз деп атын.

Қыздарға ғашық болу жарасатын,

Сүйсе ерін болады онда жақсы қатын.

Сүйсе жарың, сенде сүй оны деген,

Абай атаң біздерге үгіт берген.

Ғашық болған нәзіктерді қадірлеп,

Сүйіктісі оған адалдықпен қолын берген.

Бұрында бұл салтты ұстап бекем,

Астыртын жеңгелерден береді екен.

Ғашық қыз  кестелеп бейне салып,

Қыз көңілін жігіт осылай білген екен.

***    ****

      Сонымен биылғы жылғы ел басының жолдауын қазақ елінің тұрғындары түгіл көптеген өзге елдің сарапшылары да жіті бақылап күтіп отырғаны да белгілі жағдай. Биылғы жылғы жолдаудың көптеген саясат өкілдеріне де соққы болғаны сөзсіз. Ел биліктен қателік, сылтау іздеп, дау-дамай туғызып өздерін халық алдында жақсылар қатарында көрсетуге де жолын кескен, халықтың да көптен күткен шешімдері де шығып ел еңсесін бір көтеріп тастағаны да сөзсіз. Ең басты ғылымға, ауыл шаруашылығына,  әлеуметтік даму барысындағы алда тұрған өзге елдердің қатарына қосылуға деген игі шаралардың да басталуы да көңілге қуыныш әкеледі.