Қазақ еліндегі бүгінгі таңдағы болып жатқан қиямет сағатының сынақтарының негізгі себебі ғылымның мәні маңызы жоғалып, оның орнына жасандылықтың пайда болуынан деп түсінген дұрыс болар. Ғылым деген өнер-білім ғана емес, барлық жер бетіндегі тіршілік әрекеттердің адамдықты сақтауға, заманға қарай бейімдеп, жаратылыстың заңдылығына қайшылықсыз өсіп-өну жанды көбейтуге қызмет жасайтын білім, ілімнің, ақылдың бірлігінен және адамдықты бейнелейтін амал әрекеттерден  тұруы керек. Қазақта «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген ғылымды меңгерудің сырын.

   Қазақтың талай ғасырлар бойы әлемдегі барлық діндердің негізгін, құлшылық амалдарын, ғылымын бір исламмен жүйлеп, намаз орындау амалдарын сопылық тақуалықтың сипатымен, ата жолы дәстүрімен өмір салтына айналдыра білгені хақ. Бұл Құдайдың берген нығметін әр заманда белгілі бір елшілік ісін жалғастырушы әулиелерін арамыздан шығарып дін, діл жібін иіріп беріп, біздерге оны жалғастыру ғана аманат болғаны хақ.