Перілік пен жындылық сырттай қарағанда ұқсастығы болғанмен екеуі екі түрлі әрекет қылықтармен байланысты болмақ. Перілік жалпы әйелдер қауымына тән қуаттық жүйе болып, терінің тазалығы мен ойлау қасиетіне тікелей әсер беруші болмақ. Жалпы перілік ұяттылықпен, қызыл түсті ғылым мен сөздің көріну қасиеттілігі. Түстің көрініп бейнеленуі терінің, аяқ, қол, еріннің тазалығына тәуелді болмақ. Ал жындылық бой өрісінің есту және ойлау қабілетімен санаға тікелей қатысты болмақ.

Алла тағала барлық жаратылыстың әсемдік, сұлулығынан жақсылықпен махаббатты жаратқанды. Сұлулық, әсемдіктің ең жоғарғы сипаты көркем сөз болып, әлемнің сөзден жаралғанына дәлел болмақ. Әсемдіктің үнін, жарық нұрын жасыру үшін барлық жанды нәрселерге киім беріп, жансыздарды ондай нығметтен құр қалдырған. Адам ата мен Хау анамыздың да сұлулығын, сөз нұрын жасырып тұрған зейнеттік өрісін жоюға қайың тектес шырша ағашының жемісін жеумен қара қуаттардың енуімен, жындылық сипатқа яғни жалаңаштанып қалған еді.