Адамзаттың жаратылысында ібілістік, адамдық болмыс қатар болып, қай жағына қарай ықыласымыз ауса, соның ұрпағы болып, аттылы-еркек, жаяу-әйел сипатты үш байлығымызды түгелдей алмай, меңгерген білімімізге мастанып, жұртты құтқармақ болып, дүние байлығымен мәңгілік ел болмақ болып, ол үшін де жындық топтарға бөлініп алып өзара дауласумен, меңгерген  керемет өнерімізді «жұлдыз» болдық деп мақтанумен, өмірдің бар бақыттылығы осы деп әлемге де жар салып жатырмыз.

«Болды да партия, Ел іші жарылды. Әуремін мен тия, Дауың мен шарыңды. Құрбыдай хош тұттым Жасың мен кәріңді. Жоқтамай, ұмыттым, Ақыл мен нәріңді. Ортаға көп салдым Өзімде барымды. Япырым-ау, неңді алдым, Сау қоймай арымды?..» (Абай ата). Қазіргі таңда ақылды артқа тастап, тек біліммен өлшеуден жас пен кәрі, ақсақал мен жігіттің, кемпір мен бәлекей қара қатынның немесе қыз бен үлкен әйелдің, сол сияқты қатын мен еркектің қоғамдық өмірде, рухани болмысында еш айырмашылығы неге болмай қалды деген сауалға жауап іздеп көрейік. Іс жүзінде білімді адамзаттың пайдасына жаратып, түрлі мәшинелерді жасап, оны қызметке қою да білімді ақылмен жұмсай білудің әрекетімен ғана болады.

   «Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек, ал ойдағыдай (қиялымыздай) болу үшін жанымыздың аффектісі қандай болуға тиіс екенін және жақсы ақыл-парасатқа жету үшін ол парасат қандай болуға тиіс екенін біз анықтап алуға тиіспіз» (Әл-Фараби). Қазіргі таңда әрбір білімді пенденің өзін парасатты санап, ел билеуге, халыққа ақыл айту орындарына сайлануға қақым бар деп санап, түрлі партиялық топтарға бөлініп немесе ұйымдар құрып артынан ел жинап; «Маған ерсеңдер текті, әрі бақытты боласыңдар» дейтіндер таңсық емес.

    «…Адал жолда өлгеннің арманы жоқ, Дегені болмай ма екен құрғақ мақтан. Ар, ынсаптың құмары осы десе, «Құмарың не-деп- сұра зұлымдықтан?» Артында азап та жоқ, рахат та жоқ, Емес пе ерегіскен екі дұспан? Сен ананы сүйесің, ол мынаны Мұнан ақыл жиренді не қылмыстан. Ар, ынсаптың осыдан үміті не? Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған? Ел түзелсе тарихта аты қалар дейді, Ақылым тоя алмайды менің бұған..» (Шәкәрім әулие) Қазіргі таңда елді түземек, әлемді түземек болып түрлі ойлар айтып, жазып дінші, ғалым аталып, сопылық топтарды құрып, соңына шәкірт жинап немесе түрлі партиялар құрып, тілді, дінді, дәстүрді түземекші болып; әйтеуір ардың, ақтың жолы осы деп, өздерін тектімін, төремін, қожамын, батырмын, ақынмын, әділ заңгермін, кемеңгермін, депутатпын т.б.  атақ шенді, мансапқор қиялшылдар жеткілікті елімізде.

             «Ұжданды мақтайды тамам адам, Мейлі ғалым болса да, мейлі надан. Ар, ынсаппен іс қылып азап тартып, Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Бұрынғы замандарда қазақтың наданы да ұждандылықты арман қылған екен. Қазақтың тектілігіне тән ұлттық арман-ұждан болған. Ұждандылық мәңгілік өлмейтін жанның бейнесін қалыптастырумен байланысты және мәңгілік елдің ақ бастауы да болады.

Сонымен 3-4 жылдан бері әрбір жарты жылдық сын сағатының белгілерін жариялаумен келеміз, бірақ оған ел билеушілердің тарапынан ашық қарсылықпен қалайда халықты мұндай құдайдың ескертуін елемеуге, заңға бағынып ел билеушілердің бәрінен де дүние байлығымен құтқара алатындарына сендірумен келеді. Және көптеген келеңсіз жағдайларды ақпараттық жүйелерде жарияланбауына, халыққа таралмауына да кедергі қойғандары да сөзсіз. Сондықтан ата жол сайтына кіріп оқып таныспағандар үшін;  2016 жылғы алғашқы жарты жылдықта қазақ елінде болатын рухани сынақтарды қайталай кетейік: