Алла деген ұғымның біздер үшін әлемдік барлық жаратылыстың қуаттарының тұрағы, негізі деп түсінгеніміз абзал. Бірақ бұл қуаттардың жүйесі болып біздерге өмір сүру барысында пайда, зиянды шамаларын анықтау арқылы және әлемдік қуаттардың жүйесімен толық жалғануды, тұтастықта бола білуді Аллаға қосылу, яғни Бір Алланың қызметіне тұрумен құлшылығымыз нәтижесін береді. Жалпы әлемнің жаратылуы таза ақылдан яғни Алланың бір ғылымынан болып және « Әлемді шындықпен жараттым» деген Раббымыз.
Автор: Тоқберген Байтасов
«Ақыл алтыда, ой жетіде» деп сөз қалдырған қазақ даналығында. Ақыл біліммен ілімінің насихатынан тәрбиесінен құлшылығынан пайда болатын болса, ой сол меңгерген ақыл деп қабылдаған білімдерміздің ішкі үні болады. Жаратушымыздан түскен даналық ақыл кітабы құранды үлгіге алсақ; Құраның үгіті жалпы қандай амалдардың пайда, қандай жағдайда зиян және біздің білімді ақылымыз жетпесе де, орындауға міндетті болатын намаздардың, құлшылық амалдардың түрлерін баяндайды.
Басында жан мен дене екі басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа.
Құмарлық
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Құмарлық деген бір ит бар,
Жаныңа жау шын ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар.
Еріншек
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Еріншектен-салақтық,
Салақтықтан-надандық…
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық.
Ашу келсе, тұрғызбас,
Артыңа мойын бұрғызбас.
Көрінеу отқа салады,
Орынды жұмыс қылғызбас.
Шедірейіп, шекиіп,
Қасын керіп кекиіп.
Қолдан пішін жасаған,
Біреу келер секиіп.
Әлемнің жаратылысы даналық пен парасаттың әрекетімен жаратылғаны да хақ. Негізінде Алланың нұрынан екі жарықтың сары және ақ түстен басталып, екі аралық қызыл түспен және қарсылық қара қуаттардың теріс ой — көк түспен бейнеленуімен; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп парасат егелерімен, жаннатық жандармен жалғануды білдіреді. Ал жалпы жанды жаратылыс егелерін құранда «Біз жараттық, бізге есебі көрінеді» деп ескертеді. Жер ананы жаратқаннан кейін парасатты аспандағы жұлдыздарға айналдырып, екі араны мықты бекітіп қойғаны да сөзсіз. Сонымен Алла тағаланың ғылымы мен кереметі (хикметі) парасат болып көктің мүлкімен бейнеленген. Сонымен ғылым дегеніміз таза ой қуаты болып, құдайлық нұрмен біртұтастыққа айналған адамзаттың әулиелік дәрежеге жеткен кісілігі, рұқ қуаттары, кітабы, иманы жұлдыздар болып саналады.
Насихат
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Балаңа ғылым үйрет жас күнінде,
Досыңа жақындама мас күнінде.
Халқыңа қайрылар деп насихат айтпа,
Ел бұзық, ерегескен, қас күнінде.
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.